Металлургия

4 Желтоқсан 2012, 06:06

Металлургия (грек. Metallurgeo – металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың хим. Құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. М-ға кендерден металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату, байыту, кесектеу, т.б.); кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту; металдар мен қорытпалар өндіру; металдарды терм., хим.-терм. Және термомех. Өңдеу; металдарды қысыммен және құймалап өңдеу; металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау; металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффуз. Енгізу жатады. Түсті және қара М., галламды, өте жоғары темп-рада (2000 – 20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін М. Болып ажыратылады; орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді. Қара металлургия – М-ның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. Өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комб. Мен Лисаковск комб-нда өндіріледі (жылына 36 млн. Т). Түсті металлургия – кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды (Е.И. Пономарева, О.А. Сонгина). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды (Р.А. Исакова). Галламды металлургия – су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) хим. Жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. М-ның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары В.Д. Пономарев, А.И. Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғыл. Жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А. Шалабина, Т.Д. Остапенко). М-ның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) Патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядр. Зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. Қолданылады. Плазма М-да қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары – түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары темп-ра (10000 – 20000 К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда М. Саласы бойынша “Металлургия және кен байыту институты”, Хим.-металлургия ин-ты, Қазақ өту нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді. М. Ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдар: Х.К. Аветисян, Е.А. Букетов, А.Қонаев, В.В. Михайлов, И.Онаев, В.Д. Пономарев, М.А. Соколов, А.Л. Цефт, Б.Бейсембаев, А.И. Зазубин, С.Қожахметов, Р.А. Исакова, Е.И. Пономарева, Л.П. Ни, т.б. Әдеб.: Кунаев А., Кожахметов С., Онаев И., Тонконогий А.В., Циклонная плавка, А.-А., 1974; Бейсембаев Б., Конаев А., Кенжалиев Б., Теория и практика кучного выщелачивания меди, А., 1998; Қайыпов С., Қазақстанның минералдық шикізат байлықтары, Павлодар, 1999. М. Шоқаев  

Металлургия (грек. Metallurgeo – металл өңдеймін) – ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың хим. Құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. М-ға кендерден металдарды ажыратып алуға дайындау мақсатымен кентастарды өңдеу процестері (уату, байыту, кесектеу, т.б.); кентастардан және басқа материалдардан металды алу процестері, металдарды қажетсіз қоспалардан тазарту; металдар мен қорытпалар өндіру; металдарды терм., хим.-терм. Және термомех. Өңдеу; металдарды қысыммен және құймалап өңдеу; металл бұйымдардың бетін әрлеу не қорғау мақсатында басқа металл қабатымен қаптау; металл бұйымдардың беттеріне басқа металдар мен бейметалдарды диффуз. Енгізу жатады. Түсті және қара М., галламды, өте жоғары темп-рада (2000 – 20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін М. Болып ажыратылады; орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді. Қара металлургия – М-ның ғылымы мен техникасының қара металдар өндіруде кен шикізатын қазып алудан бастап, оны өңдеп шойын, ферроқорытпа, болат, илек, құбыр, рельс, т.б. Өнімдерді алуға дейін қамтитын саласы. Қазақстан қара металлургиясының байлығы мен болашағы – темір кендері. Оның негізгі қорлары Қостанай, Қарағанды және Жезқазған облыстарында шоғырланған. Қара металл шикізатының базасы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комб. Мен Лисаковск комб-нда өндіріледі (жылына 36 млн. Т). Түсті металлургия – кен шикізаттарын өндіру мен өңдеуден бастап, дайын өнім алуға дейінгі түсті металдар мен олардың қорытпалары өндірісін қамтиды. Республикада түсті металлургия шикізатынан сирек және шашыраңқы металдарды ажыратып алу мәселесінен маңызды нәтижелер алынды (Е.И. Пономарева, О.А. Сонгина). Түсті металдардың вакуумдық металлургия саласы жақсы жолға қойылды (Р.А. Исакова).
Галламды металлургия – су ерітінділерінен галламдарды (галлийдің электрлік теріс зарядталған басқа металдармен сұйық қорытпасы) хим. Жолмен қалпына келтіру арқылы металдар мен олардың қосылыстарын алу процестерін зерттейді. М-ның бұл жаңа саласы дүние жүзінде алғаш рет Қазақстанда 1960 жылдары В.Д. Пономарев, А.И. Зазубиннің басшылығымен жасалды. Алюминий галламындағы сілтілі ерітінділерден алынған галлийдің цементтелуін зерттеу жөнінде үлкен ғыл. Жұмыстар жүргізілді (Пономарев, Е.А. Шалабина, Т.Д. Остапенко). М-ның бұл әдісі көптеген шет елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, т.б.) Патенттелді. Плазма металл бетін тазалауда және әр түрлі беттерді металмен қаптау технологиясында, термоядр. Зерттеулерде, плазма химиясында, т.б. Қолданылады. Плазма М-да қиын балқитын металдар мен олардың қосылыстарын алуда аса қажет. Оның артықшылықтары – түсті және сирек кездесетін металдарды алу кезінде жоғары темп-ра (10000 – 20000 К-ге дейін) алуға және газды ортаның құрамын басқаруға мүмкіндік береді; қыздыру мен балқыту плазмалық доға арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда М. Саласы бойынша “Металлургия және кен байыту институты”, Хим.-металлургия ин-ты, Қазақ өту нәтижелі табыстарға қол жеткізіп келеді. М. Ғылымының дамуына өз үлестерін қосқан қазақстандық ғалымдар: Х.К. Аветисян, Е.А. Букетов, А.Қонаев, В.В. Михайлов, И.Онаев, В.Д. Пономарев, М.А. Соколов, А.Л. Цефт, Б.Бейсембаев, А.И. Зазубин, С.Қожахметов, Р.А. Исакова, Е.И. Пономарева, Л.П. Ни, т.б.
Әдеб.: Кунаев А., Кожахметов С., Онаев И., Тонконогий А.В., Циклонная плавка, А.-А., 1974; Бейсембаев Б., Конаев А., Кенжалиев Б., Теория и практика кучного выщелачивания меди, А., 1998; Қайыпов С., Қазақстанның минералдық шикізат байлықтары, Павлодар, 1999.
М. Шоқаев
 

Бөлісу: