Мемлекеттік тілді насихаттау мақсатында "Хан шатырда" балдырғандар сайысы өтті

4 Желтоқсан 2012, 05:34

Бүгін Астанадағы "Хан шатыр" ойын сауық орталығында «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізеді. Осы шара шеңберінде балдырғандар арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Биыл бірінші рет тойланып жатқан мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күніне арналып мәдени шаралардың түр-түрі өтіп жатқаны белгілі. Солардың арасында "Абырой" қоры акциясының шоқтығы биік тұр. Себебі, ол қазіргі күні ең өзекті мәселе - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды бағытқа алған. Акция барысында бүлдіршіндер үшін жұмбақ шешу, тақпақ айту сайыстары ұйымдастырылды. Алғаш рет өткізіліп отырса да, бұндай акцияға жұртшылықтың ықыласы өте жоғары екені байқалды. Тіпті сонау Семей мен Өскеменнен, Алматыдан, Қарағандыдан балдырғандар келіп қатысты. Сайыс туралы ақпарат құралдарынан, ғаламтордағы әлеуметтік желілерден құлағдар болғандарын айтқан ата-аналар балаларға арналған және мемлекеттік тілде өтетін осындай шараларға зәру екендерін жеткізді. Қазақ мәдениеті мен әдбиетінің жоғын түгендеп, мемлекеттік тілді паш ету мақсатында құрылған "Абырой" қоры келешекте де осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді қор басшысы Бибігүл Жексенбай. "Бала тілі - бал" атты акция алдағы уақытта да ұйымдастырылмақшы екен. Мәдени шара үстінде Қуыршақ театры мен Марат Омаров студиясы шәкірттері өнер көрсетті. Сайысқа қатысқан балдырғандардың барлығы жүлдесіз қалған жоқ. Оларға қор сыйлықтармен қоса Алғыс хаттар табыстады. Дереккөзі: BAQ.kz

Бүгін Астанадағы "Хан шатыр" ойын сауық орталығында «Абырой» қазақ мәдениеті мен тілін дамыту қоры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай мемлекеттік тілді насихаттау акциясын өткізеді. Осы шара шеңберінде балдырғандар арасында сайыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Биыл бірінші рет тойланып жатқан мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күніне арналып мәдени шаралардың түр-түрі өтіп жатқаны белгілі. Солардың арасында "Абырой" қоры акциясының шоқтығы биік тұр. Себебі, ол қазіргі күні ең өзекті мәселе - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруды бағытқа алған.
Акция барысында бүлдіршіндер үшін жұмбақ шешу, тақпақ айту сайыстары ұйымдастырылды. Алғаш рет өткізіліп отырса да, бұндай акцияға жұртшылықтың ықыласы өте жоғары екені байқалды. Тіпті сонау Семей мен Өскеменнен, Алматыдан, Қарағандыдан балдырғандар келіп қатысты. Сайыс туралы ақпарат құралдарынан, ғаламтордағы әлеуметтік желілерден құлағдар болғандарын айтқан ата-аналар балаларға арналған және мемлекеттік тілде өтетін осындай шараларға зәру екендерін жеткізді.
Қазақ мәдениеті мен әдбиетінің жоғын түгендеп, мемлекеттік тілді паш ету мақсатында құрылған "Абырой" қоры келешекте де осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретінін жеткізді қор басшысы Бибігүл Жексенбай. "Бала тілі - бал" атты акция алдағы уақытта да ұйымдастырылмақшы екен.
Мәдени шара үстінде Қуыршақ театры мен Марат Омаров студиясы шәкірттері өнер көрсетті. Сайысқа қатысқан балдырғандардың барлығы жүлдесіз қалған жоқ. Оларға қор сыйлықтармен қоса Алғыс хаттар табыстады.

Дереккөзі: BAQ.kz

Бөлісу: