Көлік кешені

4 Желтоқсан 2012, 05:27

 Көлік кешені Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау. Көлік-экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі. Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ұйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді. Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық көрсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек. Сендердің жауаптарыңның әр түрлі болмауы да мүмкін. Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші - жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда - жолаушы айналымы. Жүк айналымы - уақыт бірлігі ішінде (күн, ай, жыл) белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна-километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдады. Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ оның шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды. Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады. Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар. Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады. Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады. Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы: 1)жаңа жолдар салуды; 2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді; 3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды; 4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады. Егер темір жол көлігі - көлік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобиль жолдары оларды байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Автомобильдер аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қала маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистралдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі. Автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігі жолдардың жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз. Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады. Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді. Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы кеп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып саналады. Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді. Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз және т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қарағанды) тасымалдайды. Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты. Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп қажет етпейтін табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да темен. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы темен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да есу байқалады. Теңіз көлігі - ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің езінде онда казіргі заманғы танкерлер («Астана», «Алматы», «Абай»), ездігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теңіз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді. Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Онымен асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер кемір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екі кәлдік алаптар анықтайды. Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс қашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді. Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау» және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Эйр Астана», ұлттық «авиа тасымалдаушы» компаниясы. Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әуе жолаушыларының 3/5-ын тасымалдайды. Елдің ең басты «Әуе айлағы» - Астана (жолаушылардың 3/4- нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанада салынған. Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман ерттерін сендіреді, құбыр желілерін бақылайды, «шұғыл» жағдайдағы ауруларды тасымалдайды және мұнай мен газ қорларын игереді. Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі - түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан «жолдар» түйісетін (темір жол, автомобиль, өзен) және бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әсіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Теміртау ерекше бөлінеді. Байланыс. Коммуникациялық жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - көлемі мен маңызы жылдам өсіп отыратын ыр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала. Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен қамту деңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет желісін пайдаланудың маңызы зор. Сонымен, қоғамның өмір сүруі қалыптасқан инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Онда коммуникациялық жүйе - көлік пен байланыс маңызды рөл атқарады.  

 Көлік кешені
Көлік - экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі. Көліктің негізгі міндеті - жүк пен жолаушы тасымалдау.
Көлік-экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің негізі. Ол өндіріс процесін қамтамасыз етіп, кәсіпорындарды, салалар мен аймақтарды байланыстырады, сыртқы сауда жүктерін тасымалдап, халыққа қызмет көрсетеді. Көлікті онсыз өмір сүре алмайтын «шаруашылық ағзасының қан тамыр жүйесі» деп те атайды. Сондықтан жоғары дамыған, тұрақты жұмыс істейтін көлік жүйесін қалыптастыру - елдің өсіп-өркендеуінің негізгі жағдайларының бірі.
Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады. Ол - көлік құралдары (автомобильдер, кемелер, ұшақтар), жолдар (темір, автомобиль жолдары, құбырлар, әуе, теңіз), ұйымдар (авиациялық теңіздік, темір жол компаниялары) және тиеу-тусіру пункттері (теңіз және «әуе» порттары, темір жол стансалары. Сол себепті ол күрделі кешен болып есептеледі. Біздің оны кешен деп атауымыз - адамдардың әр түрлі көлік құралдары мен жолдарын (құрлық, су, әуе) пайдалануына байланысты. Осыған байланысты жеке салаларға немесе көлік турлеріне бөлінеді.
Көлік материалдық игілік өндірмейді. Бірақ кәсіпорындар мен ұйымдардың өнімдерінің өзіндік құнына тасымалдау құны кіреді. Сондықтан кейде оны материалдық өндіріске жатқызады. Көліктің өзінің жұмысын екі көрсеткішпен өлшейді. Бірінші көрсеткіш - тасымалданған жүктер және жолаушы. Ол тоннамен немесе адам санымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш істелген жұмысты толық көрсетпейді. Оны түсіну үшін есеп шығару керек.
Сендердің жауаптарыңның әр түрлі болмауы да мүмкін. Екінші автомобиль жүкпен үлкен жол жүріп өткендіктен, көп мөлшерде жанар-жағармай жұмсады, оның ақшамен есептегендегі жұмысы да, жүкпен жүрген жолы да көп. Сондықтан көлік жұмысының екінші көрсеткіші - жүк айналымы, ал жолаушы тасымалдауда - жолаушы айналымы. Жүк айналымы - уақыт бірлігі ішінде (күн, ай, жыл) белгілі бір қашықтыққа тасымалданған жүк мөлшері. Біздегі мысал бойынша, бірінші автомобиль 50 тонна-километр (т км), ал екіншісі - 500 т км жүк тасымалдады.
Қазақстанның ірі көлік кешені бар. Бірақ оның шешілмеген мәселелері де көп. Қатынас жолдары жеткіліксіз. Олардың сапасы да жоғарғы дәрежеде емес (әсіресе, автомобиль жолдары). Бұнымен қозғалыс жылдамдығының темен болуы, яғни көлік «артерияларының» өткізу қабілетіне де байланысты. Ескірген көлік құралдары әлі қолданылады. Осыған байланысты жылдам дамып келе жатқан экономика мен оған «үлгіре алмай» келе жатқан көлік кешенінің арасында диспропорция (сәйкессіздік) пайда болды.
Оның жұмысын жақсарту үшін, жасалған қатынас жолдарын жақсартып, жаңаларын салу, жүк көтергіштік пен жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыру қажет. Бұған контейнерлік тасымалдаудың ықпалы бар. Ол артық тиеу-түсіру жұмыстарын қысқартып, тауар жеткізуді жылдамдатады.
Көлікте өзіндік еңбек бөлінісі қалыптасқан. Мысалы, авиация толығымен халыққа, ал құбыр желілері - тұтастай өндіріске жұмыс істейді. Кешеннің әр саласының еңбек көрсеткіштерінде де айырмашылық бар.
Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады. Онда темір жол маңызды орын алады. Темір жолдар - Қазақстанның бүкіл жол жүйесінің «қаңқасы» іспеттес. Олар еліміздің аймақтарын біртұтас жүйеге біріктіріп, климат пен жыл маусымдарына қарамастан тұрақты түрде жұмыс істейді. Қозғалыс жылдамдықтары да едәуір, сонымен бірге тасымалдау құны да көп емес. Темір жолдар - алыс қашықтықтардың ең қолайлы, әмбебап көлігі. Ол барлық жүк түрлерін тасымалдауға жарамды, ал «болат» артерияларды кез келген бағытта жүргізуге болады.
Темір жолдар Қазақстанда XIX ғасыр аяғында пайда болды. Оның аумағынан тұңғыш ірі жол - Орынбор-Ташкент жолы өтті. Ал негізгі жол желісі кеңес кезеңінде қалыптасты. Оның негізін елдің бірнеше бөліктерін қосатын ірі магистральдар құрайды. Қазақстан темір жолының «келбетін» меридиан бойымен бағытталған 3 магистраль: Орынбор-Ташкент, Түркістан-Сібір, Трансқазақстан және ендік бойымен өтетін 2 магистраль: Орта Сібір мен Оңтүстік Сібір бейнелейді. Олар қосылып, Қазақстанның «үлкен темір жол сақинасын» құрайды. Оған басқа да «болат артериялар» келіп тоғысады.
Темір жол көлігі тасымалдайтын жүктің 3/4 бөлігін көмір, кен, мұнай және құрылыс материалдары құрайды. Бұл жүк ағынының географиясында көрінеді. Бәрінен де Оңтүстік Сібір және Трансқазақстан магистральдарының жұмыстары өте қауырт. Жолаушы тасымалының жартысынан астамы салалардың үлесіне тиеді. Темір жол көлігінің дамуы:
1)жаңа жолдар салуды;
2) өткізу қабілетін екі есе арттыру үшін оларды электрлендіруді;
3) жоғары жылдамдықты магистральдар салуды;
4) контейнерлік жүк тасымалын қалыптастыруды қарастырады.
Егер темір жол көлігі - көлік жүйесінің «қаңқасы» тәрізді болса, автомобиль жолдары оларды байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Автомобильдер аралық кідіріссіз тауарды «есіктен есікке» дейін жеткізеді. Олардың, әсіресе, қалаларда, қала маңы мен таулы аудандарда рөлі зор. Алыс магистралдік жүк тасымалын қуатты, жылдамдығы жоғары жүк машиналары атқарады. Бірақ автокөлік қымбат әрі экологиялық жағынан «лас» көлік түрі.
Автомобиль көлігінің жұмыс тиімділігі жолдардың жиілігі мен сапасына байланысты. Автомагистральдардың жалпы ұзындығы 93 мың километрдей. Елдегі жол желісі әр түрлі. Ол негізінен темір жолдар географиясын қайталайды. Автомобиль жолдары өте жиі болып келетін аймақ - Солтүстік Қазақстан. Батыс пен Орталықта жолдар саны одан екі еседей аз.
Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды (2008 ж. - 3,2 млн астам бірлік) ал автокөлік жүк (3/4) және жолаушы (99%) тасымалының талассыз көшбасшысы болып табылады.
Өндірістік көліктің рөлі басым болып саналатын тау-кен және металлургиялық облыстар (Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай) тасымалданатын жүк массасы жөнінен ерекшеленеді.
Құрлық жолдары көлігінің арнайы маманданған түрлері - құбыр және электрондық көліктер. Құбыр жүйелері мұнай мен газ айдап, мұнай-газ және мұнай өңдеу өнеркәсіптерімен бірлесіп жұмыс істейді. Оларды да кез келген бағытта жүргізуге болады, әрі темір жолдан қысқа болып келеді, ал құрылысы кеп арзанға түседі. Бір бағытта, тұрақты жерде кеп мөлшерде жүк «жіберіледі». Сондықтан құбыр жүйесі ең арзан көлік түрі болып саналады.

Қазақстандағы құбыр жүйесі дамыған аймақ - Батыс, одан мұнай мен газдың қуатты ағындары таралады. Орталық облыстарды солтүстіктен оңтүстікке қарай «Омбы-Павлодар-Шымкент- Түркіменабад» газ құбыры желісі басып өтеді. Батыстан оған Құмкөл «бұтақшасы» келіп қосылады да, ал одан шығысқа, Қытайға қарай «құбыр» кетеді.
Электрондық көлік әлектр қуатын электр жеткізу желілері (ЭЖЖ) арқылы тасымалдайды. Олар елдің ірі өнеркәсіпті орталықтарын байланыстырып, ауылдық жерлерді электр қуатымен қамтамасыз етеді.
Ірі қалаларда жолаушыларды экологиялық жағынан таза электр көліктері троллейбустар (Алматы, Петропавл, Астана, Тараз және т.б.) мен трамвайлар (Павлодар, Алматы, Өскемен, Қарағанды) тасымалдайды. Құрлық көлік түрлері су көлігімен тығыз байланысты.
Су көліктері негізінен құрал-жабдықты көп қажет етпейтін
табиғи жолдарда жұмыс істейді. Оларға отын аз жұмсалады (1 т жүкке есептегенде), әрі көлемді тауарларды тасымалдаудың өзіндік құны да темен. Бірақ оның қозғалыс жылдамдығы темен, көбінесе маусымдық жұмысқа ғана жарамды, оның үстіне кеме жүретін жолдар қажетті бағыттарға үнемі сәйкес келе бермейді. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді. Теңіздік кеме қатынасы бар жалғыз аудан - Каспий теңізінің шеткі ЭГЖ теңіз көлігінің негізгі міндетін - сыртқы сауда байланысын жүргізуді анықтап берді. Сондықтан негізгі жүк тасымалы шетелдік болып табылады. Каботаждық тасымал (еліміздің порттарының арасында) аздау, дегенмен, онда да есу байқалады.
Теңіз көлігі - ең жас әрі жылдам дамып келе жатқан көлік түрі. Еліміз өз флотын жаңадан құрды. Қазірдің езінде онда казіргі заманғы танкерлер («Астана», «Алматы», «Абай»), ездігінен жүретін баржалар, мұзжарғыш буксирлер бар. Елдің басты теңіз «қақпасы» - қатпайтын Ақтау сауда порты. Жүк тасымалы бойынша (жылына 10 млн т) - ол Каспий бойындағы ірі порттардың бірі болып саналады. Жүктің басым бөлігін мұнай (85%), прокат және астық құрайды. Паром өткелдері Ақтау қаласын Ресей мен Әзірбайжанның порттарымен байланыстырады. Құрық қойнауында жаңа порт салынып жатыр. Ол теңізде таяу уақыттарда пайда болатын (30-60 мың т) ірі танкерлерді қабылдайтын болады. Үшінші, Баутино порты теңіздің мұнай байлығын игерудің тірек базасы ретінде дамып келеді.
Өзен көлігі табиғат жағдайларына көбірек тәуелді. Онымен асықпай жеткізілетін, жаппай тасымалданатын жүктер кемір, мұнай өнімдері, ағаш, астық, құрылыс материалдарын тасымалдауға өзен көлігі қолайлы. Әзірше олардың көлемі онша көп емес. Бұл транспорттың географиялық жұмыстарын екі кәлдік алаптар анықтайды.
Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең қымбат көлік. Оның негізгі мамандануы - алыс қашықтықтарға жолаушы тасымалдау. Ұшақтар, сонымен қатар шұғыл түрдегі және бағалы жүктерді (пошта, тез бұзылатын азық-түліктер, гүлдер) жеткізеді.
Қазақстандағы әуе тасымалын бірнеше авиакомпаниялар («СКАТ», «Атырау әуе жолы», «Көкшетау» және т.б.) орындайды. Олардың ішіндегі ең ірісі - «Эйр Астана», ұлттық «авиа тасымалдаушы» компаниясы.
Ол ондаған халықаралық және ішкі бағыттарға қызмет көрсетеді. Оның әуе лайнерлері Ресейге, Қытайға, Германия мен Үндістанға ұшады. «Эйр Астана» республика әуе жолаушыларының 3/5-ын тасымалдайды.
Елдің ең басты «Әуе айлағы» - Астана (жолаушылардың 3/4- нен астамы). Қазіргі заманғы халықаралық әуежай Астанада салынған.
Авиация ауыл шаруашылығында қолданылады. Оның көмегімен орман ерттерін сендіреді, құбыр желілерін бақылайды, «шұғыл» жағдайдағы ауруларды тасымалдайды және мұнай мен газ қорларын игереді.
Көлікті аумақтық ұйымдастыру. Қазақстанда бірыңғай көлік жүйесі қалыптасуда. Оның негізгі бөлігі - түрлі қатынас жолдары болып табылады. Оларды көлік тораптары, яғни әр алуан «жолдар» түйісетін (темір жол, автомобиль, өзен) және бір көліктен екіншісіне жүк ауыстырылып тиелетін орындар қосады. Қазақстанда әр түрлі типтегі ондаған көлік тораптары бар. Әсіресе, Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Теміртау ерекше бөлінеді.
Байланыс. Коммуникациялық жүйенің бұл буыны пошта байланысы мен телекоммуникацияны біріктіреді. Оның негізгі міндеті - көлемі мен маңызы жылдам өсіп отыратын ыр алуан ақпараттарды беру. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы - бұл ертеден келе жатқан сала.
Қазіргі телекоммуникациялық байланыс түрлері «жуан сөмке арқалаған» пошташыны ығыстыра бастады. Олар бірнеше бағытта қарқындап дамып келеді. Оптикалық-талшықты желілердің құрылуы халықты телефонмен қамту деңгейін көтереді. Спутниктік телеарналар мен бүкіл әлемдік интернет желісін пайдаланудың маңызы зор.
Сонымен, қоғамның өмір сүруі қалыптасқан инфрақұрылымсыз мүмкін емес. Онда коммуникациялық жүйе - көлік пен байланыс маңызды рөл атқарады.

 

Бөлісу: