ЕРЕЖЕСІ
Байқау туралы: «El.kz» әлеуметтік желісі еліміздің әсем табиғатын көпшілікке таныту және туризм саласын насихаттау үшін «Маңғаз даламның маржандары» фоторепортаж байқауын жариялайды.
Мақсаты:
- Жастардың отаншылдық сезімін ояту;
- Еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру.
Шарттары:
-
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 3-17 желтоқсан аралығында мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
elimaikz2013@gmail.com
-
Байқауға 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
-
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарымен қатар аты-жөнін толық, мекен-жайын, жасын, сондай-ақ, электронды және ұялы байланыстарын көрсетуі тиіс.
-
Байқауға түскен фоторепортаждардағы фотолар саны 7-ден кем болмауы, тақырыпқа сай болуы тиіс, стилі мен фотолардың сапасына баса назар аударылады.
-
Бір автор тек бір репортаж жіберуге құқылы.
-
Үздік жұмыстар конкурстың қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
-
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.