Информатика жеке ғылым ретінде 1970 жылы атала бастады. Оған дейін математика, электроника сияқты техникалық ғылымдардың құрамында болып келді. Дүние жүзінде алғашқы информатика факультеті АҚШ-тың Индиана штатында орналасқан Пердью университетінде ашылған. Информатика ғылымы компьютер мен басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын зерттейді.