Қазақстанда алғашқы рет Тұңғыш Президент Күні аталып өтуде

1 Желтоқсан 2012, 09:13

Бүгін Қазақстанда алғашқы рет Тұңғыш Президент Күні аталып өтуде, деп хабарлайды BNews.kz. Тұңғыш Президент Күні құрметіне бүкіл Қазақстан бойынша көпшілікке арналған түрлі мерекелік шаралар: концерттер, спорт жарыстары, фильм көрсетілімдері өтеді. Мереке қарсаңында елімізде бірқатар қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім балаларға, мүгедектерге көмек көрсетілді.  1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғашқы жалпы халықтық Президент сайлауы өтті. Сайлауда сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті. Жаңа мейрамды бекіту туралы ұсынысты республика тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында депутаттар тобы жасады. 2011 жылғы 10 желтоқсанда ҚР парламенті «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша, 1 желтоқсан – мемлекеттік мереке, Тұңғыш Президент Күні. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет Басшысы аталмыш заңға қол қойды.

Бүгін Қазақстанда алғашқы рет Тұңғыш Президент Күні аталып өтуде, деп хабарлайды BNews.kz.

Тұңғыш Президент Күні құрметіне бүкіл Қазақстан бойынша көпшілікке арналған түрлі мерекелік шаралар: концерттер, спорт жарыстары, фильм көрсетілімдері өтеді. Мереке қарсаңында елімізде бірқатар қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Ардагерлерге, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім балаларға, мүгедектерге көмек көрсетілді. 

1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан Республикасында алғашқы жалпы халықтық Президент сайлауы өтті. Сайлауда сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.

Жаңа мейрамды бекіту туралы ұсынысты республика тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында депутаттар тобы жасады.

2011 жылғы 10 желтоқсанда ҚР парламенті «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Қазақстан Республикасының заңына толықтыру енгізу туралы» заң қабылдады. Жаңа заң бойынша, 1 желтоқсан – мемлекеттік мереке, Тұңғыш Президент Күні. 2011 жылғы 14 желтоқсанда Мемлекет Басшысы аталмыш заңға қол қойды.

Бөлісу: