Головкин Геннадий

Головкин Геннадий

Головкин Геннадий Геннадийұлы (1982, 8 сәуір Қарағандыда туған) - Қазақстан боксшысы. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (МажарстанБудапешт, 2000 ж.); ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.); Шығыс Азия ойындарыныңчемпионы (ЖапонияОсака, 2001 ж.); Азия ойындарының чемпионы (Оңтүстік КореяПусан, 2002 ж.); жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады) және IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады). 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс орташа салмағы тарихында ноукат үлесі бойынша бірінші орында тұр.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. Universum Box Promotion мүшесі (Неміс кәсіби клубы, 2006). ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген.

Әуесқой бокстан әлем чемпионаты 2003

Орташа салмақ

Кезең

Күні

Спортшы

Нәтижесі

Спортшы

                   

1/16

07.07.2003

 Геннадий Головкин

19:10

 Матвей Коробов

                   

1/8

09.07.2003

 Геннадий Головкин

29:9

 Энди Ли

                   

1/4

10.07.2003

 Геннадий Головкин

KO 4

 Lucian Bute

                   

1/2

11.07.2003

 Геннадий Головкин

29:26

 Yordanis Despaigne

                   

Финал

12.07.2003

 Геннадий Головкин

RSCI 2

 Олег Машкин

                   

2004 жылғы Афина Олимпиадасы

Орташа салмақ

Кезең

Күні

Спортшы

Нәтижесі

Спортшы

                   

1/8

21.08.2004

 Геннадий Головкин

31:10

 Әли Ахмед Хан

                   

1/4

25.08.2004

 Геннадий Головкин

31:20

 Ramadan Yasser

                   

1/2

27.08.2004

 Геннадий Головкин

23:18

 Andre Dirrell

                   

Финал

28.08.2004

 Геннадий Головкин

18:28

 Гайдарбек Гайдарбеков

                   

2005 жылғы Әлем кубогы

Орташа салмақ

Кезең

Күні

Спортшы

Нәтижесі

Спортшы

                   

топтық

12.07.2005

 Геннадий Головкин

RSCI 4

 Anatoli Kavtaradze

                   

топтық

14.07.2005

 Геннадий Головкин

RSCO 3

 Nabil Kassel

                   

1/2

16.07.2005

 Геннадий Головкин

40:37

 Yordanis Despaigne

                   

 

2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

Орташа салмақ

Кезең

Күні

Спортшы

Нәтижесі

Спортшы

                   

1/16

15.11.2005

 Геннадий Головкин

15:12

 Nikola Sjekloca

                   

1/8

16.11.2005

 Геннадий Головкин

21:27

 Mohamed Hikal

                   

 

Кәсіпқой бокс

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.

Дереккөз: Wikipedia