30 Қараша 2012, 19:24
Қостанайда Тұңғыш Президент күні қарсаңында өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді меңгеруден конкурс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Мереке қарсаңында барлық мемлекеттік ұйымдар мәдени іс-шаралар ұйымдастырып жатыр.
Қостанай облысының Қостанай ауданында мемлекеттік тіл курстарын тыңдаушы өзге ұлт өкілдері арасында «Менің Республикам – Менің Президентім» конкурсы өтті.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, мемлекеттік тілді үйренуге тілек білдірушілердің саны жыл санап өсіп келеді. Олар үшін арнайы бағдарлама жасалған, ол нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі.
Соңғы 2 жылдың ішінде Қостанай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту және дамыту бөлімінің тыңдаушылары аудандық, облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болып жүр.