Жыл сайын 11 миллион бала өзінің бесінші туған күніне жетпей қайтыс болып жатса, тағы ондаған миллион бала өсуге, дамуға, өмір сүруге деген құштарлығы жоқ физикалық не ақыл-ой кемтарлығына душар болады. Балалар өлімінің көбі алдын алуға болатын аурулардың нәтижесінде орын алса, одан өзгесі жоқшылық, дискриминация мен зорлық-зомбылықтан көз жұмады.
Қазақстанда балалар құқығын қорғау, жетім балаларды қамқорлыққа алу ісінде “Бөбек” қоры жемісті жұмыстар атқарды. Астана қаласында Ана мен бала ғылыим-зерттеу орталығы балалар денсаулығын қорғауда жұмыс істейді. Сонымен қатар, елімізде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына, ақыл-есі кеміс, жетім, ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға, соқыр және нашар көретін балаларға, психикалық, интеллектуалдық дамуы тежелген балаларға, саңырау балаларға арналған арнаулы мектеп-интернаттар жұмыс істейді.