Алматыда алғашқы студенттік Вена Балы өтеді

30 Қараша 2012, 11:46

2012 жылғы 1 желтоқсанда, Тұңғыш Президент Күні Алматыда алғашқы студенттік Вена Балы өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар.  Алматының жастары ҚР Тұңғыш Президенті Күні студенттік Вена Балын өткізуді ұйғарды. Жастардың айтуынша, Вена Балы жастарды дүниежүзілік классикалық музыка мәдениетіне, бал билеріне жақындатуға ықпал етеді. Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қоғам және мәдениет қайраткерлері, түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларда жетістіктерге жеткен оңтүстік астананың үздік студенттері балдың құрметті қонақтары болады. Шараны Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сенаты ұйымдастырады.

2012 жылғы 1 желтоқсанда, Тұңғыш Президент Күні Алматыда алғашқы студенттік Вена Балы өтеді, деп хабарлады ұйымдастырушылар. 

Алматының жастары ҚР Тұңғыш Президенті Күні студенттік Вена Балын өткізуді ұйғарды.

Жастардың айтуынша, Вена Балы жастарды дүниежүзілік классикалық музыка мәдениетіне, бал билеріне жақындатуға ықпал етеді.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов, қоғам және мәдениет қайраткерлері, түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі шараларда жетістіктерге жеткен оңтүстік астананың үздік студенттері балдың құрметті қонақтары болады.

Шараны Алматы қаласының жастар саясаты жөніндегі басқармасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттер сенаты ұйымдастырады.

Бөлісу: