Қарағанды облысында Тұңғыш Президент Күніне орай бір жарым метрлік торт әзірленді

30 Қараша 2012, 11:43

Қарағандылық кондитерлер Тұңғыш Президент Күніне орай биіктігі бір жарым метрден, салмағы 80 келіден асатын алып торт әзірледі, деп хабарлады BNews.kz агенттігінің тілшісі. Қарағандылық «Шатер» фирмасының кондитерлері биіктігі 1 метр 60 см құрайтын төрт қабатты торт әзірледі. Тәтті тағам Тұңғыш Президент Күніне орай Теміртау қаласы Ғылыми техникалық ақпарат үйінің (ҒТАҮ) ғимаратында жайылған мерекелік дастарханның сәніне айналды. 8 кондитердің салмағы 80 келіні құрайтын тортты әзірлеуіне бір тәулік уақыт кетті. Төрт қабатты композицияда Қазақстанның басты төрт қаласы: Астана, Алматы, Қарағанды және Теміртаудың назар аударарлық орындары бейнеленді. Барлық пішіндер қолмен жасалды. Торт бірнеше бисквит түрінен, Бельгия шоколады, жаңғақ пен мейізден әзірленді. Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге жиналған ҒТАҮ қонақтары алып торттан дәм татты. Шақырылған қонақтар қатарында Қарағанды мен Теміртаудың ардагерлері, құрметті азаматтары және мемлекеттік қызметшілері бар.

Қарағандылық кондитерлер Тұңғыш Президент Күніне орай биіктігі бір жарым метрден, салмағы 80 келіден асатын алып торт әзірледі, деп хабарлады BNews.kz агенттігінің тілшісі.

Қарағандылық «Шатер» фирмасының кондитерлері биіктігі 1 метр 60 см құрайтын төрт қабатты торт әзірледі. Тәтті тағам Тұңғыш Президент Күніне орай Теміртау қаласы Ғылыми техникалық ақпарат үйінің (ҒТАҮ) ғимаратында жайылған мерекелік дастарханның сәніне айналды.

8 кондитердің салмағы 80 келіні құрайтын тортты әзірлеуіне бір тәулік уақыт кетті. Төрт қабатты композицияда Қазақстанның басты төрт қаласы: Астана, Алматы, Қарағанды және Теміртаудың назар аударарлық орындары бейнеленді.

Барлық пішіндер қолмен жасалды. Торт бірнеше бисквит түрінен, Бельгия шоколады, жаңғақ пен мейізден әзірленді.

Тұңғыш Президент Күнін мерекелеуге жиналған ҒТАҮ қонақтары алып торттан дәм татты. Шақырылған қонақтар қатарында Қарағанды мен Теміртаудың ардагерлері, құрметті азаматтары және мемлекеттік қызметшілері бар.

Бөлісу: