Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні Бішкекте атап өтілді

30 Қараша 2012, 11:40

Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде 29 қарашада Қазақстан Республикасы жаңа мемлекеттік мейрам – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне орай кездесу өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шараға қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы, үкімет мүшелері, Жогорку Кенеш депутаттары, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, қырғызстандық азаматтық сектор, зиялы қауым және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ дипкорпус, халықаралық ұйымдар мен қазақ диаспорасы өкілдері қатысты. Кездесуді Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Исабаев ашты, ол өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президентінің Күні биылғы жылы алғаш рет – 1 желтоқсанда атап өтілгелі отырғанын, себебі 1991 жылы дәл осы күні Қазақстанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткендігін атап айтты. «Қазақстан Республикасының жетістіктері тұңғыш Президент – Ұлт лидері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеяларымен және қызметімен тікелей байланысты екені сөзсіз, - деп атап өтті Б.Исабаев. Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орай құттықтау хатын қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы Данияр Нарымбаев оқып берді, ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы, еліміздің табысты мемлекеттер қатарына жедел кіруіндегі ерекше үлесін атап көрсетті. Д.Нарымбаев қазақстандықтарды жаңа ұлттық мерекелерімен құттықтап, Президентке және қазақстандықтарға табыскер елдің қарқынды құрылысында жаңа жетістіктер тіледі. Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Президенті – Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың саяси, ғылыми және публицистикалық еңбектерінің көрмесімен танысты. Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20-жылдығы құрметіне ҚР елшілігі әзірлеп, шығарған «Ғасырларға созылған достық» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өткізілді.

Бішкекте Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде 29 қарашада Қазақстан Республикасы жаңа мемлекеттік мейрам – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күніне орай кездесу өткізілді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы, үкімет мүшелері, Жогорку Кенеш депутаттары, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар көшбасшылары, қырғызстандық азаматтық сектор, зиялы қауым және іскерлік орта өкілдері, сондай-ақ дипкорпус, халықаралық ұйымдар мен қазақ диаспорасы өкілдері қатысты.

Кездесуді Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Исабаев ашты, ол өз сөзінде ҚР Тұңғыш Президентінің Күні биылғы жылы алғаш рет – 1 желтоқсанда атап өтілгелі отырғанын, себебі 1991 жылы дәл осы күні Қазақстанда алғаш рет жалпыхалықтық президент сайлауы өткендігін атап айтты.

«Қазақстан Республикасының жетістіктері тұңғыш Президент – Ұлт лидері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың идеяларымен және қызметімен тікелей байланысты екені сөзсіз, - деп атап өтті Б.Исабаев.

Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне орай құттықтау хатын қырғыз тарапынан Президент аппаратының басшысы Данияр Нарымбаев оқып берді, ол Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің қалыптасуы мен нығаюындағы, еліміздің табысты мемлекеттер қатарына жедел кіруіндегі ерекше үлесін атап көрсетті. Д.Нарымбаев қазақстандықтарды жаңа ұлттық мерекелерімен құттықтап, Президентке және қазақстандықтарға табыскер елдің қарқынды құрылысында жаңа жетістіктер тіледі.

Кездесу барысында қонақтар Қазақстан Президенті – Ұлт Лидері Н.Назарбаевтың саяси, ғылыми және публицистикалық еңбектерінің көрмесімен танысты.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20-жылдығы құрметіне ҚР елшілігі әзірлеп, шығарған «Ғасырларға созылған достық» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өткізілді.

Бөлісу: