ЕРЕЖЕСІ
Тақырыбы: «Талант бар ма?» («Қайдасыңдар, таланттар?»). Байқаудың мақсаты: кино, өнер, спорт саласында жүрген жас таланттыларды насихаттау.
Байқаудың мақсат-мүддесі:
-Жастар арасында патриоттық сезімді жандандыру;
-Жастарды шығармашылыққа баулу, өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру;
-Қазақстан Республикасының талантты жастарын таныту.
Байқаудың шарты:
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 15 қараша мен 17 желтоқсан аралығында мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
elimaikz2013@gmail.com
-
Байқауға кез келген 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
-
Байқауға қатысушылар өз шығармаларымен қатар, аты-жөні, мекен-жайы, жасы, электронды және ұялы байланыс құралы көрсетілген анкета толтырып жіберуі тиіс;
-
Байқауға түскен әрбір шығармаға қойылатын талап: тақырыпқа сай болуы тиіс.
-
Шығарма автордікі болуы және байқаудың мақсат мүддесіне сай болуы керек.
-
Бір автор тек бір ғана шығарма жібере алады.
-
Ең үздік шығарма арнайы құрылған төрешілер арқылы анықталады.
-
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен қатар бағалы сыйлықтарға ие болады.