ЕРЕЖЕСІ
Байқау туралы: «El.kz» әлеуметтік желісі Ұлттық өнерді насихаттау арқылы, қолөнершілердің арасынан талантыларды іздеу үшін «Ата мұра – асыл қазына!» фоторепортаж байқауын жариялайды.
Мақсаты:
- Қазақстан Республикасының позитивтік имиджін бекіту;
- Қазақстан Республикасының тарихи жәдігерлері мен бай мәдениетін жастарға таныту.
Шарттары:
-
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 15 қараша мен 17 желтоқсан аралығында мына электронды мекен-жайға жіберілуі тиіс:
elimaikz2013@gmail.com
-
Байқауға 16 жастан асқан барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
-
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарымен қатар аты-жөнін толық, мекен-жайын, жасын, сондай-ақ, электронды және ұялы байланыстарын көрсетуі тиіс.
-
Байқауға түскен фоторепортаждардағы фотолар саны 5-6-дан кем болмауы, тақырыпқа сай болуы тиіс, стилі мен фотолардың сапасына баса назар аударылады.
-
Бір автор тек бір репортаж жіберуге құқылы.
-
Үздік жұмыстар конкурстың қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
-
Байқау жеңімпаздары арнайы дипломмен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
-
Фоторепортаждағы қолөнер заттары түсірілген фотоларда міндетті түрде қатысушы болуы керек.