Байқаулар 15 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді.
Байқаулар туралы жалпы апарат:
«Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері» атты конкурсқа 16 жастан асқан барық ниет білдірушілер қатыса алса, «Ата мұра –асыл қазына» байқауына 16 жастан асқан сайт қолданушылары өз өтініштерін жібере алады.
Ал «Талант бар ма? (қайдасыңдар таланттар?)» фотобайқауына 16 мен 35 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады.
Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Конкурстар жайындағы толық ақпаратты «Ел.кз» әлеуметтік желісінен ала аласыздар.