Эссе байқауына 18-27 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Байқауға қатысушылар эссе жұмысымен бірге аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жайын жіберуі тиіс.
Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылатынын ескертеміз. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.
Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталатын болады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.