48 келі.
52 келі.
Бұл салмақта мықты көп. Біздің жігіттер де осал емес. 2009 жылы Азияның қоласын алған Сәттібаевтың сәтсіз өнері жаңа боксшы алмастыру керектігін аңғартқан еді. Алайда Сәттібаевтың орнын басқан Ілияс Сүлейменов сенімді ақтай алмай жүргені өкінішті. Сөз жоқ, ринг төрінде Сүлейменов еркін ойқастайды. Шабуылы да көңіл көншітеді. Бірақ оған бірдеңе жетіспей тұратындай. Мысалы, былтыр Лондон Олимпиадасында Селбиден жеңілгенде, біз оны жеңілген жоқ деп алаң иесіне кеткен жеңісті мойындағымыз келмеген еді. Анығында сол кезде уэлстік Селби Әлемнің вице чемпионы және Еуропа біріншілігінде топ жарған оғлан болатын. Сондай-ақ, биылғы Еуропа чемпионы. Сүлейменовті Азияда мықты деуімізге ерте. Себебі, Ол Жасурбек Латиповты жеңді деп марқағанымызбен, ол әлемнің қола және күміс жүлдегері атанып үлгерді. Сол Жасурбек осы чемпионатта Сүлейменовті сүріндірген Селбиді еркін ұтты. Ал Азияның биылғы көшбасшысы қырғыз Есеналиевтің жөні бір басқа. Біздің боксшы оның екі рет жеңсе де Есеналиев Азия чемпионы. Оның қасында Сүлейменов 2011 жылы әлем чемпионатының қарсаңында өткен №2 құрамалар қатысқан Азияның күмісін ғана иеленген. 52 келінің алтынына әу бастан ресейлік Миша Алоян лайық деп танылған еді. Миша сенімді ақтады. Дегенмен, бұл салмақтың көш басшылары болған кубалық Рамирес Робейсо мен моңғолиялық Нямбаярдың салмақ ауыстырғанын ерекше атауымыз керек. Олар 52 келі салмақта өнер көрсеткенде бұл салмақтың чемпионы басқа есім болуы әбден мүмкін еді.
60 келі.
Бұл салмақтың алтыны итальяндық Доминико Валентиноға бұйырады дескен жұрт. 2004 жылдан бері Италия құрамасының сапында келе жатқан боксшы әлемнің қола жүлдесіне осымен үшінші мәрте қол жеткізді. Сондай-ақ, күміс және алтын медаль иегері. Біздің Берік Әбдірахманов Азия чемпионы. Әу бастан жүлдеден үмітті болған. Онысымен қоймай былтырғы ел чемпионы. Жамбылдық Жайлауовты орнынан тайдырып, финалда шалқасынан түсірген еді. Одан бөлек ресейлік мықты Альберт Селимовтен Чехиядағы турнирде басым түскені тағы бар. Алайда Куба мен Бразилия боксшысы бұл салмақта мықты болып тұр. Ал, Беріктің бұл біріншіліктегі аяқ алысы тәуір. Қоланы қанағат тұтты деп жазғырудың қажеті жоқ. Себебі жартылай финалда оны жеңген куба боксшысы Олимпиада қоласын, Бакудегі әлем біріншілігінің алтынын алған саңлақ.
«Чемпион атануы тиіс» тағы бір боксшының жарыстан тыс қалғанын есте ұстауымыз керек. Ол ресейлік (Дағыстан, Махачкала) боксшы, әлем чемпионы (2007) Альберт Селимов еді. Қазіргі уақытта оны жеңетін боксшы жоқ. Өйткені бұл салмақтың оғланы Ломаченко кәсіпкой боксқа ауысып кетті. Сондықтан 2011 жылғы Ғани Жайлауовтың жетістігін қайталаған Беріктің жүлдесіне бізді әбден қанағаттандырады.
64 келі.
69 келі.
75 келі.
Бұл салмақтағы екі дүркін әлем чемпионы ардагер Аббос Атоевтың қатыспағаны белгілі. Былтырғы олимпиада чемпионы атанған жапон Риото Мурато кәсіпқой боксқа кетті. Чебатарев деген ресейлік жігіттің жартылай финалда сүрінуі біздің жігітке алтын алуға септігін тигізді. Басты себеп те сол болды. Әділетсіздікке ұшырап келген Украина боксшысы Евгений Хитров деген дүлей бар. Айтпақшы 2011 жылғы әлем чемпионы Евгениі Хитров ақпан айында өткен Астанадағы 4 ел турнирінде Әлімханұлын 10 секундта тұрғызбай тастап еді. Ол бала кәсіпқой боксқа кеткен жоқ әлі... Демек, Жәнібек Әлімханұлы осы биігімен шектеліп қалмауы тиіс. Алда оның алдында әлемді дүр сілкіндірген бір мықтының барын ұмытпауы тиіс. Ол әлем чемпионы – Евгений Хитров.
81 келі.
Ниязымбетовтің лақап аты Күмісбек. Қайда қатысса да күміс еншілейді. Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанған Ниязымбетов ең әдемі бокстасатын жігіттердің бірі. Мықты боксшыға қарсы тұра алады. Бірақ белгісіз жерден біреу шықса ұтылып қалуы әбден мүмкін.
Кубалық Ла Круздың деңгейі қай кезде де биік. Былтыр Мехонцовпен жолы түйіспес үшін АИБА оны бразилиялық белгісіз Флорентиноға жығып берген еді. Мысы басылмаған ол чемпионат алдында Әділбекті ең басты қарсыласым, бірақ ұтам деді. Айтуын айтып, ұтты. Екінші рет. Арасында бір ұтылған еді. Онда да өз алаңымызда. Енді куба боксшысы қазақ жанкүейерлері үшін «хит» болып қала бермек. Кезінде Ермаханды ығыстырған Альфредо Дюверхель тәрізді.
Алжирлік Абдулхафид Беншабла, өзбек Елшод Расуловтар алдағы уақытта оның ең басты қарсыластары бола бермек. Бірақ, кезінде орыс Мехонцевтан үш рет ұтылған Әділбектің Украинада қалған қарсыласы бар. Гвоздик чемпионаттан тыс қалды. Биыл Универсиадада топ жарған Гвоздиктің кәсіпқой боксқа ауысқаны туралы әңгіме айтылмады.
Азиядан күміспен қайтқан Ниязымбетовтың есесі түгел. Азияда есесі кеткен өзбек боксшысын оңай айналып өтті. Бірақ Куба боксшысына шамасы келмегенін мойындауға тиіспіз. Себебі, ол бұл салмақта олимпиада чемпионы атанған Мехонцевті 15:21 есебімен еркін ұтып еді. Деңгейі биік, бір бас жоғары кубалық боксшы өзінің құрдасы Әділбекке оңайлықпен есе жібермейді.
91 келі.
Бағы жаңбаған қазақ боксындағы бұл салмақтың болашақ чемпионына басты үміткер Ресей мен Әзірбайжан боксшысы еді. Бірақ Клементо Руссоның дайындығы мықты, бабында келіпті. Пинчук ақпандағы турнирде өзбек баласынан айла асыра алмап еді, бұл жолы да солай болды. Демек әлі де оған ысыла түсу керек. Айта кетейік, бұл салмақтағы ардагер боксшы Клементоға әлі бір олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бар. Ал Мамедов пен Тищенко әлі жас. Соңғы жылдары кубалықтардың бұл салмақта жолы болмай жүр. Оның қасында біздің жүлдесіз қалуымыз айтпаса да түсінікті. Жалпы, бұл салмақ лайықты түрде өз иесін тапты. Италиялық Клементо осымен екі рет орыс боксшысын 91 келіде әлем чемпионатының финалында ұтып отыр. Тек бір рет қана өз алаңында болашақ олимп чемпионы Мехонцев 81 келіде жүргенде оған есе жіберген еді. Ал Тищенко болса былтыр мамырда Петербург губернаторының кубогында Клементодан басым түскен-тін.
+91 келі.
Бұл салмақтың жүлдесі өз иесін тапты. Чемпионаттан бұрын әзірбайжандық Меджидов "Алтын аламын. Алтын алуға тиістімін. Міндетті түрде жоғары наградаға қол жеткіземін" деп Еуропа чемпионатын жеңіп келгенде өз елінің газеттеріне сұхбат беріп еді. 1 финалда Еуропа чемпионы ресейлік Магомед Омаровты, 1 финалда олимпиаданың қола, күміс және алтын медалін алған, әлемнің екі дүркін чемпионы әйгілі Робертожан Камареллені ығыстырды. Сөйтіп келіп, өзінің ежелгі карсыласы, қазақстандық Дычкодан басым түсті. Тіпті бір аунатып тұрғызды. Бұл жігіттердің бәрі мықты негізі. Ал оларды ұту Меджидовка шынымен киын еді. Бірақ сөзінде тұрған спортшыны мойындау керек. Енді оған Илхам Әлиев "семіз сойлеп, семіз шыкканы" үшін елінде мадақсыз қалдырмайтын болар. Айтпақшы, Меджидовті жеңген әзірге жалғыз-ақ баламыз бар. Ол қостанайлық Жан Кособуцкий!!!
P.S.
Бұл чемпионат барысында 5 боксшы (Могомедрасул Меджидов +91 келі (Әзірбайжан), Хулио Пераза 81 келі (Куба), Лазаро Эстрада 60 келі (Куба), Миша Алоян, 52 келі (Ресей), Клементо Руссо 91 келі (Италия) екінші рет қатарынан әлем чемпионатының алтынына қол жеткізді. Клементо Руссо 2007 жылғы Чикагода біріншіліктен кейін тағы да әлем чемпионатының алтынына қол жеткізіп отыр. Екі боксшы екі дүркін күміс жүлдегер атанды. Италияның екі боксшысы осымен әлем біріншілігіне 5 рет қатысып қола жүлдеге тұрақтады. Олар 60 келідегі Доменико Валентино (3 кола, 1 алтын, 1 күміс), екіншісі Роберто Камарэлло (2 алтын, 2 кола, 2011 жылы 1 финалда болашақ Олимпиада чемпионы Джошуаға ұтылған болатын). Өзбек Жасурбек Латипов пен уэлстік Селби, бразилиялық Робсон Консейсао, Иван Дычко, германиялық Эрик Прайфер екінші рет чемпионаттың жүлдегері атанды. Шын мықтыға тосқауыл жоқ деген осы.
Дайындағандар – Жанкелді Қаржан және Жандос Байділда.