«Ана тілі» деректі фильмі

24 Қазан 2013, 10:27

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында Қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Ана тілі – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы болғандықтан халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығы санайды.  Адамды мақсат пен мұратқа жеткізетін дүние оның ана тілі мен ата дәстүрі.  Ал біздің қасиетті мұрамыз ана тіліміз – Қазақ тілі. Бүгін сіздерге ұсынып отырған фильм  «Ана тілі» (Родной язык) деректі фильмі. Аталған фильм 2004 жылы түсірілді. Режиссері Ә.Сүлеева. Ол  1974 жылдан бері Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ деректі кино режиссері, ойындық кино қоюшы режиссері қызметін атқарып келеді. 1980 жылдан бері  Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі. Ә.Сүлеева 1984 жылы Бүкілодақтық сценаристер сайысының «Үздік сценарий үшін» сыйлығының иегері болды. Сонымен қатар Халықаралық және бүкілодақтық кинобайқаулардың дипломдарымен, сыйлықтарымен марапатталған.режиссер бұл туындыдан өзге  «Мой дом на зеленых холмах» кинофильмі сценарийінің тең авторы (С. Бодровпен бірге). «Жеңіс семсері» кино- фильмінің қоюшы режиссері (2009). «Ана тілі» деректі фильмінің сценарий авторы  С.Райбаев, Ә.Сүлеева, операторы Б.Сүлеев, дыбыс режиссері  И.Бисеров, монтаж жасаған  А.Бисимбинова және видиоинжинер  Ғ.Санбаев болды. Фильмге қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері және Қазақстанның халық жазушысы  Шерхан Мұртазаның ой-тұжырымы пайдаланылған.

Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында Қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана.

Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Ана тілі – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы болғандықтан халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығы санайды.  Адамды мақсат пен мұратқа жеткізетін дүние оның ана тілі мен ата дәстүрі.  Ал біздің қасиетті мұрамыз ана тіліміз – Қазақ тілі.

Бүгін сіздерге ұсынып отырған фильм  «Ана тілі» (Родной язык) деректі фильмі. Аталған фильм 2004 жылы түсірілді. Режиссері Ә.Сүлеева. Ол  1974 жылдан бері Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ деректі кино режиссері, ойындық кино қоюшы режиссері қызметін атқарып келеді. 1980 жылдан бері  Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі.

Ә.Сүлеева 1984 жылы Бүкілодақтық сценаристер сайысының «Үздік сценарий үшін» сыйлығының иегері болды. Сонымен қатар Халықаралық және бүкілодақтық кинобайқаулардың дипломдарымен, сыйлықтарымен марапатталған.режиссер бұл туындыдан өзге  «Мой дом на зеленых холмах» кинофильмі сценарийінің тең авторы (С. Бодровпен бірге). «Жеңіс семсері» кино- фильмінің қоюшы режиссері (2009).

«Ана тілі» деректі фильмінің сценарий авторы  С.Райбаев, Ә.Сүлеева, операторы Б.Сүлеев, дыбыс режиссері  И.Бисеров, монтаж жасаған  А.Бисимбинова және видиоинжинер  Ғ.Санбаев болды. Фильмге қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым Ахмет Байтұрсынұлы мен қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері және Қазақстанның халық жазушысы  Шерхан Мұртазаның ой-тұжырымы пайдаланылған.

Бөлісу: