Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Арнайы мамандандыру орталығының қызметкерлері күн энергиясымен жүретін көлік құрастырып шығарды.
Қол күшімен құрастырыған мәшине негізі қуатты күннен алады. Төбесіне орнатылған арнайы құрылғы энергияны акумляторға жинайды. Кілтті бұрасаңыз болғаны, көлік қозғалып жүре береді.
Көлікті ойлап тапқан Ферхат Сатылмыш Чайыр Арнайы мамандандыру орталығында дәріс береді. Ферхат мырза бұған дейін Түркияда мүгедектерге арналған 13 арнайы мәшине құрастырған. Олар орта және жоғары жылдамдықта жүретін, мүмкіндігі шектеулі жандардың қабілетін ескеріп жасалған арнайы көлік.(Бірақ жанармаймен жүреді). Өзінің жаңа көлігі жайлы:
-1930 жылдардағы мәшинелердің суретіне қарап отырып құрастырдық. Негізгі мақсатымыз ескі көлікті жаңа технологиямен жарақтандыру.Күн энергиясын қабылдайтын құрылғыны Қытайдан, ал аккумляторды Италиядан алдырдық. Сапасы өте жақсы. Жарамсыз болып қалған «Жигулидің» қаңқасын қырқып, қайта жалғай отырып, ойымыздағы көлікті құрастырдық. Күн бұлтты күндері аккумляторға жиналған токтың күшімен 100 шақырымға дейін жол жүре береді. Ал, күн шығып тұрса ешқандай мәселе туындамайды. Генератормен және кез-келген жердегі разедка арқылы заряд ала алады. Мәшине эколгиялық әрі экономикалық тұрғыдан да тиімді.
Түркиядан келіп, қазақ балаларын кәсіби білім алуға баулып жүрген маманның бұл алғашқы туындысы емес. Яғни, бұның алдында да бензинмен жүретін және күн энергиясынан қуат алатын мотоциклді құрастырып, іске қосқан. Астанада өткен көрмеге қойылған көліктер алғашқы жүлдені де жеңіп алыпты. Екі машина да паттенттелгенімен, оларға арнайы атау берілмеген. Қазіргі кезде көліктер оқу орнының мұражайына қойылған. Ферхат шебер мұнымен қоса университет қалашығындағы мен коттеждеріндегі 80 жарықшама мен прожекторларды да күн энергиясына қосқан. Сондай-ақ, осыдан бірер жыл бұрын үлкен киіз үйдің төбесіне күн энергиясының айналмалы құрылғысын орнатқан.
Яғни, күн шықан кезде күннің көзімен бірге қуат алатын құрылғы да айналып отырады. 220 вольт¬пен жарақтанған үй ішінде теледидар көріп, музыка тыңдауға толығымен жағдай жасалған. Бүгінгі күні Сатылмыш Чайыр күннен энергия алатын аристонды құрастыру үстінде. Шебер, өнертапқыш-инженер аталған жаңа ашылымдарын ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындауда.
Әтіргүл ТӘШІМОВА,Түркістан қаласы