Осылайша, Санжар Мұсаев екінші орын алды, деді Е.Ерденбеков. Оның айтуынша, бірінші орын Ұлыбританияға бұйырған, ал үшінші орынды Мексика өз қанжығасына байлады. «Санжар – жаттықтырушы Артем Кичкиннің тәрбиеленушісі, бас жаттықтырушы – Нығматулла Сайдиев, Алматы облысы, Талдықорған қаласы»,-деп толықтырды федерация президенті.
Естеріңізге сала кетсек, 1996-1997 жылдар аралығында туған жастар арасында садақ атудан Әлем чемпионаты 13-20 қазан күндері Укси қаласында (ҚХР) өткен еді.