Алматыда хор өнерінің республикалық конкурсы өтеді

19 Қазан 2013, 06:01

21-23 қазан аралығында Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында хор өнерінен Б.Байқадамов атындағы республикалық конкурс өтеді, деп хабарлады «Қазақстан 2050» Стратегиясы» сайты. «Шараның мақсаты Қазақстанда хор өнерін дамыту. Композитор, ҚазКСРО-ның өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың туындыларын дәріптеп, таныстыру», - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен. Конкурсқа қатысуға барлық хор өнерінің майталмандары өтініш білдірді. Айта кетерлігі, конкурстық бағдарлама 3 кезеңнен тұрады: қазақ халық әнін, орыс немесе шетелдің әнін хорда орындау және Б.Байқадамовтың шығармаларын орындау. BNews.kz

21-23 қазан аралығында Алматы қаласының Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында хор өнерінен Б.Байқадамов атындағы республикалық конкурс өтеді, деп хабарлады «Қазақстан 2050» Стратегиясы» сайты.

«Шараның мақсаты Қазақстанда хор өнерін дамыту. Композитор, ҚазКСРО-ның өнер қайраткері Бақытжан Байқадамовтың туындыларын дәріптеп, таныстыру», - деп хабарлады Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Конкурсқа қатысуға барлық хор өнерінің майталмандары өтініш білдірді. Айта кетерлігі, конкурстық бағдарлама 3 кезеңнен тұрады: қазақ халық әнін, орыс немесе шетелдің әнін хорда орындау және Б.Байқадамовтың шығармаларын орындау.

BNews.kz

Бөлісу: