Бес ойықты сыбызғы

18 Қазан 2013, 04:10

Бес ойықты сыбызғының дыбыс қатары мынандай: Аспапты жаңғыртып қайта жасағанда ойықтары, дыбыс қатары неғүрлым жүйелі болып келетіндей етіп орналастыру қажет. Зерттеу барысында төрт ойығы бар сыбызғыда дыбыстардың мынадай жүйесі белгілі болды: кіші октаваның ля, си; бірінші октаваның до-диез, ре, ре-диез ноталары. 1939 жылға дейін сыбызғы оркестрде ойнау үшін жеткілікті түрде жетілдірілмеген. Ысқақ Уәлиев 1941 жылы майданға аттанғанда өзімен бірге мыстан жасалған сыбызғыны ала кеткендігі белгілі. Бірақ ол сыбызғы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ. Құрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Қуанүлы Жүбанов сыбызғы класын ашпақшы болған. Алайда сыбызғышы маманнын, жоқ болуына байланысты іс нәтиже көрсетпеді. 1961 жылы оқытушылыққа халық сыбызғышысы О. Қожабергенов шақырылады, ол кісі өз өнеріне студенттерді 2 жыл бойы үйретеді. Сыбызғы ойнауды үйренудің анағұрлым күрделі процестерінің бірі одан майда қоңыр әрі ашық дыбыс шығара білу. Ойнаған кезінде түтіктің кең жағындағы тесігін үстіңгі тіске тигізеді. Жоғарғы ерін ауаны сыртқа шығармай тісті жауып түрады. Тілдің үшын түтікке тигізгенде онымен жоғарғы тістердіц арасында сәл саңылау болуы қарастырылады. Осы саңлауға келген ауа толқыны түтіктің шет-шетіне соғылады да қайта серпіле отырып дыбысқа айналады. Егер ойықтын, диаметрі 13—20 мм төңірегінде болса дыбыс оңай шығады. Неғүрлым қолайлы диаметрі — 17-18 мм. Дыбыстың асқақ естілуі ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Егер ойналатын ойықты жартылай ашық ұстаса дыбыс жарты тонға көтеріледі. Ағаш сыбызғыны көптеп жасап шығару үшін көлемі жағынан стандартты түтіктерді көптеп өндіретін өндіріс орны қажет. Ойықтардың белгілі бір бірыңғай жүйесін жасап шығару сонда ғана мүмкін болмақ. Қурайдан сыбызғыны көптен жасап шығару бір есептен мүмкін емес, өйткені қурай сыбызғының ішкі қуысы біркелкі болып келмейді ғой. Мұндай жағдайда түйықтан шығудың бір жолы жез түтіктен сыбызғы жасау. Біз нақ осындай түтіктен бірнеше сыбызғы жасап тексеріп көрген едік. Олардың үзындығы —503 мм, ішкі диаметрі —13,6 мм болып келген бірінен екінші октаваның ми-бемоль дыбысы алынды. Оны 49 мм-ге кішірейткенде дыбыс күшейіп, екінші октаваның фа нотасына дейін көтеріледі. Осы тәжірибенің нәтижесінде көлемі әлгіндей түтіктердегі ойықтардың ара қашықтығы қандай болуға тиісті екені анықталды. Түтіктен дыбыс шығаруда сыбызғының бүйіріндегі ойықтар диаметрінің ролі айрықша. Сыбызғыда жеңіл ойнау, дыбыстын, тазалығы, тембрдің жағымдылығы көбінесе осыған байланысты. Алғаш рет тәжірибе жүргізілгенде ойықтардың диаметрі 5 мм болғанды. Бүл жағдайда орта регистрден дыбыс алу қиынға соқты, ал жоғарғы регистрде дыбыс мүлде өшіп қалды. Ойықтың диаметрі кіші болған сайын ауа тасқынын күштірек беру қажет. Ал мүның өзі ерін аппараты бүлшық еттерінің ширығуын, туғызады, тембрді күрт қатайтып жібереді, дыбыстың таза болуын бүзады. Кейбір дыбыстар шықпай қалатыдықтан шапшаң келетін пассаждарды орындау мүмкін емес. Егер ойықтың диаметрі 7 мм-ге дейін кеңейтілсе ойнау жеңілдейді, тембр жұмсарады, демді қатты-қаттышығарудың қажеті болмай қалады. Бұдан әрі ойықтардың диаметрі 11 мм-ге дейін кеңейтілді. Сонда жоғарғы регистрдегі дыбыс жүмсақ естілді, аспап дем шығарудағы сәл-пәл өзгерістердін, өзіие де ыңғай білдіріп ырыққа көніп отырды. Жүргізілген тәжірибелер сыбызғыда шебер ойнау оның ойықтарының көлеміне байланысты болатынына көз жеткізді. Аспапты күйге келтіруді орта регистрден бастаған жөн. Сонда жоғарғы регистрдің дыбысы интонациялық жағынан біршама жоғары шығатын болады, ал төменгі регистрдікі төменірек болады. Бүл регистрлердің тазалығы ерінді қимылдату арқылы реттеледі. Күйге келтірудің бүл әдісі барлық регистрлерде де интонацияның тазалығына қол жеткізеді. Егер түтіктің төменгі тесігін алақанмен немесе ортаңғы саусақпен жауып ойнаса, онда бүйірдегі ойықтарға бас бармақ қана қалатын болғандықтан біраз қиыншылықтар туары сезсіз. Тәжірибе жүргізіп көру үшін түтіктін, төменгі тесігі жабық етіп жасалынды. Мүндай жағдайда бүйірдегі төменгі ойығы түтіктін, төменгі тесіктің ролін атқарады. Айырмашылық мынада ғана, бүйірдегі бұл ойықты жабу төменгі түтіктің тесігін жабудан гөрі әлдеқайда оңай. Жабық түтіктің үзындығын таңдағанда бүйірдегі төменгі ойықты ашып-жапқан кезде аспаптың дыбыс қатарын байытатын обертонды дыбыстар пайда болуын қарастыру керек. Мысалы, егер түтіктегі бірінші ойықты_ кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ми дыбысы алынады, яғни, ля-дан жоғары квинта пайда болады. Бұрынырақта сыбызғыда орындалған көптеген күйлер «шертпе» мәнінде тартатын домбырашылардың репертуарында сақталып қалғанын көреміз. Мүны сол орындаушылардын, өз аузынан естідік. Әдетте сыбызғышы мұндай күйлерді тек домбырамен ғана тартылатын күйлерден оп-оңай ажыратады. Сыбызғымен орындалатын күйлер өте әуезді, диапазоны шағын болып келеді. Халық ішінде сыбызғының күйлерін домбырамен қосылып орындаған. Бүлайша қосылып орындағанда домбыраны сыбызғыда тартылатын күйдің ыңғайына келтіріп бүрауын өзгертеді. Бұл ретте көбінесе домбыраны квинтаға келтірген жөн. 1967 жылы Таулы Алтай автономиялы облысының Ңосағаш ауданьіндағы қазақтардың арасында болып, халық музыкасы мен музыкалық аспаптарын жинағанымызда Монғол Халық Республикасының Баянүлгі аймағынан осында келіп концерт қойып жүрген қазақ артистерін кездестірдік. Олардың халық аспаптары оркестрі домбырашылар, қобызшылар, сондай-ақ сыбызғышылардан қүралған екен. Біз сыбызғышы К,алек Қумақаев пен домбырашы Ахмет Ыбыраевтың қосылып тартқан дуэтін алғаш рет осында еетідік. Олар орындаған халық күйлері: «Кербез қыз», «Фатима», «Бөкен жарғақ» және А. Ыбыраевтың «Ой толқыны». Ертеде сыбызғышы Ы. Уәлиев пен қылқобызшы Д. Мықтыбаевтың қосылып тартқаны белгілі. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері «Saypern», «Ахау Бикем» және басқалар бар. Біз сыбызғыны зерттеп үйреніп алған соң осы ансамбльдік ойынды қайта жарыққа шығаруға тырыстық. Кейін біз сыбызғы мен шаңқобызды, сыбызғы мен жетігенді, сыбызғы мен қылқобызды біріктірдік. Ендігі мақсатымыз жаңа дуэт жасау. Яғни: сыбызғы-шертер, сыбызғы-қамыс сырнай, сыбызғы-үскірікті қосып көру. Барлық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, орындаушылық өнерінің жаңадан қызғылықты формаларын табуға болады, тембрлерін өзгеше түрде келістіре үштастыруға да болады. Тынысты дұрыс меңгеру, тербеліс, үрлеу тәсілі жағынан сыбызғы өзге үрлеп тартылатын аспаптарға, әсіресе флейтаға, ұқсастау. Айырмашылық негізінен дыбыс алу әдісінде ғана. Егер флейташы ауа толқынын ернімен бағыттаса, ал сыбызғышы тілімен бағыттайды. Кейбір сыбызғышылар діріл-теобелісті ерінді қимылдата отырып туғызады. Диафрагма арқылы діріл туғызу сыбызғыда оң-ай. Мұндайда ойнаушының аузының бір бөлегі ашық қалғанымен ауа толқыны айдалаға кетпейді, өйткені ойнаушы ауаны қажетті мөлшерден асырмай бел- гілі бір бағытқа туралап шығарады. Сыбызғыда бір но- тәның ұзақ дыбыстауы шамамен флейтадағыдай. Үрлеп тартылатын аспаптарда бір нотаны үзіп қайталау үш түрлі әдіспен жүзеге асырылды, яғни: тыныспен, тілмен және форшлагтармен. Жоғарыда айтылғандай көп уақыт үмыт болып, тоқтап қалғаннан кейін ақыры әр түрлі музыкалық аспапта қосылып ойнау дәстүрі қайта өмірге келді. Бұл жолы Д. Мықтыбаев пен осы кітаптың авторы дуэт қүрады. Бүрынғыдағыдан бір өзгешелігі, біз күйлерді тартып үйрене бастадық. Алғаш 1970 жылы Алмат ыоблысына гастрольдық сапарға шыққанымызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындаған едік. Кейінірек Ықыластың және бір күйін «Кер толғауды» дуэтке салдық. Тембрі, әуені, ойнау тәсілі, дыбыстың күші жағынан сыбызғы мен қылқобыз жақсы үйлесім табады. Оларда орындалатын күйлердіқ сипаттары жағынан бір-біріне үндес болып келуі де осы екі аспапты ойдағыдай дуэтке қосуға жағдай жасайды. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.

Бес ойықты сыбызғының дыбыс қатары мынандай: Аспапты жаңғыртып қайта жасағанда ойықтары, дыбыс қатары неғүрлым жүйелі болып келетіндей етіп орналастыру қажет. Зерттеу барысында төрт ойығы бар сыбызғыда дыбыстардың мынадай жүйесі белгілі болды: кіші октаваның ля, си; бірінші октаваның до-диез, ре, ре-диез ноталары.

1939 жылға дейін сыбызғы оркестрде ойнау үшін жеткілікті түрде жетілдірілмеген.

Ысқақ Уәлиев 1941 жылы майданға аттанғанда өзімен бірге мыстан жасалған сыбызғыны ала кеткендігі белгілі. Бірақ ол сыбызғы туралы бізде ешқандай мәлімет жоқ.

Құрманғазы атындағы консерваторияда 1945 жылы қазақтың халық аспаптары факультеті ашылғаннан кейін Ахмет Қуанүлы Жүбанов сыбызғы класын ашпақшы болған. Алайда сыбызғышы маманнын, жоқ болуына байланысты іс нәтиже көрсетпеді. 1961 жылы оқытушылыққа халық сыбызғышысы О. Қожабергенов шақырылады, ол кісі өз өнеріне студенттерді 2 жыл бойы үйретеді.

Сыбызғы ойнауды үйренудің анағұрлым күрделі процестерінің бірі одан майда қоңыр әрі ашық дыбыс шығара білу. Ойнаған кезінде түтіктің кең жағындағы тесігін үстіңгі тіске тигізеді. Жоғарғы ерін ауаны сыртқа шығармай тісті жауып түрады. Тілдің үшын түтікке тигізгенде онымен жоғарғы тістердіц арасында сәл саңылау болуы қарастырылады. Осы саңлауға келген ауа толқыны түтіктің шет-шетіне соғылады да қайта серпіле отырып дыбысқа айналады. Егер ойықтын, диаметрі 13—20 мм төңірегінде болса дыбыс оңай шығады. Неғүрлым қолайлы диаметрі — 17-18 мм.

Дыбыстың асқақ естілуі ауа толқынының күшіне байланысты, сондықтан орындаушының тынысы кең болуы шарт. Егер ойналатын ойықты жартылай ашық ұстаса дыбыс жарты тонға көтеріледі.

Ағаш сыбызғыны көптеп жасап шығару үшін көлемі жағынан стандартты түтіктерді көптеп өндіретін өндіріс орны қажет. Ойықтардың белгілі бір бірыңғай жүйесін жасап шығару сонда ғана мүмкін болмақ.

Қурайдан сыбызғыны көптен жасап шығару бір есептен мүмкін емес, өйткені қурай сыбызғының ішкі қуысы біркелкі болып келмейді ғой. Мұндай жағдайда түйықтан шығудың бір жолы жез түтіктен сыбызғы жасау.

Біз нақ осындай түтіктен бірнеше сыбызғы жасап тексеріп көрген едік. Олардың үзындығы —503 мм, ішкі диаметрі —13,6 мм болып келген бірінен екінші октаваның ми-бемоль дыбысы алынды. Оны 49 мм-ге кішірейткенде дыбыс күшейіп, екінші октаваның фа нотасына дейін көтеріледі. Осы тәжірибенің нәтижесінде көлемі әлгіндей түтіктердегі ойықтардың ара қашықтығы қандай болуға тиісті екені анықталды.

Түтіктен дыбыс шығаруда сыбызғының бүйіріндегі ойықтар диаметрінің ролі айрықша. Сыбызғыда жеңіл ойнау, дыбыстын, тазалығы, тембрдің жағымдылығы көбінесе осыған байланысты. Алғаш рет тәжірибе жүргізілгенде ойықтардың диаметрі 5 мм болғанды. Бүл жағдайда орта регистрден дыбыс алу қиынға соқты, ал жоғарғы регистрде дыбыс мүлде өшіп қалды. Ойықтың диаметрі кіші болған сайын ауа тасқынын күштірек беру қажет. Ал мүның өзі ерін аппараты бүлшық еттерінің ширығуын, туғызады, тембрді күрт қатайтып жібереді, дыбыстың таза болуын бүзады. Кейбір дыбыстар шықпай қалатыдықтан шапшаң келетін пассаждарды орындау мүмкін емес. Егер ойықтың диаметрі 7 мм-ге дейін кеңейтілсе ойнау жеңілдейді, тембр жұмсарады, демді қатты-қаттышығарудың қажеті болмай қалады. Бұдан әрі ойықтардың диаметрі 11 мм-ге дейін кеңейтілді. Сонда жоғарғы регистрдегі дыбыс жүмсақ естілді, аспап дем шығарудағы сәл-пәл өзгерістердін, өзіие де ыңғай білдіріп ырыққа көніп отырды. Жүргізілген тәжірибелер сыбызғыда шебер ойнау оның ойықтарының көлеміне байланысты болатынына көз жеткізді.

Аспапты күйге келтіруді орта регистрден бастаған жөн. Сонда жоғарғы регистрдің дыбысы интонациялық жағынан біршама жоғары шығатын болады, ал төменгі регистрдікі төменірек болады. Бүл регистрлердің тазалығы ерінді қимылдату арқылы реттеледі. Күйге келтірудің бүл әдісі барлық регистрлерде де интонацияның тазалығына қол жеткізеді.

Егер түтіктің төменгі тесігін алақанмен немесе ортаңғы саусақпен жауып ойнаса, онда бүйірдегі ойықтарға бас бармақ қана қалатын болғандықтан біраз қиыншылықтар туары сезсіз. Тәжірибе жүргізіп көру үшін түтіктін, төменгі тесігі жабық етіп жасалынды. Мүндай жағдайда бүйірдегі төменгі ойығы түтіктін, төменгі тесіктің ролін атқарады. Айырмашылық мынада ғана, бүйірдегі бұл ойықты жабу төменгі түтіктің тесігін жабудан гөрі әлдеқайда оңай. Жабық түтіктің үзындығын таңдағанда бүйірдегі төменгі ойықты ашып-жапқан кезде аспаптың дыбыс қатарын байытатын обертонды дыбыстар пайда болуын қарастыру керек. Мысалы, егер түтіктегі бірінші ойықты_ кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ля, ал ашық түтікті сольға келтірсе, онда түтікті ашып-жапқан кезде кіші октаваның ми дыбысы алынады, яғни, ля-дан жоғары квинта пайда болады.

Бұрынырақта сыбызғыда орындалған көптеген күйлер «шертпе» мәнінде тартатын домбырашылардың репертуарында сақталып қалғанын көреміз. Мүны сол орындаушылардын, өз аузынан естідік. Әдетте сыбызғышы мұндай күйлерді тек домбырамен ғана тартылатын күйлерден оп-оңай ажыратады. Сыбызғымен орындалатын күйлер өте әуезді, диапазоны шағын болып келеді. Халық ішінде сыбызғының күйлерін домбырамен қосылып орындаған. Бүлайша қосылып орындағанда домбыраны сыбызғыда тартылатын күйдің ыңғайына келтіріп бүрауын өзгертеді. Бұл ретте көбінесе домбыраны квинтаға келтірген жөн.

1967 жылы Таулы Алтай автономиялы облысының Ңосағаш ауданьіндағы қазақтардың арасында болып, халық музыкасы мен музыкалық аспаптарын жинағанымызда Монғол Халық Республикасының Баянүлгі аймағынан осында келіп концерт қойып жүрген қазақ артистерін кездестірдік. Олардың халық аспаптары оркестрі домбырашылар, қобызшылар, сондай-ақ сыбызғышылардан қүралған екен. Біз сыбызғышы К,алек Қумақаев пен домбырашы Ахмет Ыбыраевтың қосылып тартқан дуэтін алғаш рет осында еетідік. Олар орындаған халық күйлері: «Кербез қыз», «Фатима», «Бөкен жарғақ» және А. Ыбыраевтың «Ой толқыны». Ертеде сыбызғышы Ы. Уәлиев пен қылқобызшы Д. Мықтыбаевтың қосылып тартқаны белгілі. Олардың репертуарында қазақтың халық әндері «Saypern», «Ахау Бикем» және басқалар бар.

Біз сыбызғыны зерттеп үйреніп алған соң осы ансамбльдік ойынды қайта жарыққа шығаруға тырыстық. Кейін біз сыбызғы мен шаңқобызды, сыбызғы мен жетігенді, сыбызғы мен қылқобызды біріктірдік. Ендігі мақсатымыз жаңа дуэт жасау. Яғни: сыбызғы-шертер, сыбызғы-қамыс сырнай, сыбызғы-үскірікті қосып көру. Барлық мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, орындаушылық өнерінің жаңадан қызғылықты формаларын табуға болады, тембрлерін өзгеше түрде келістіре үштастыруға да болады.

Тынысты дұрыс меңгеру, тербеліс, үрлеу тәсілі жағынан сыбызғы өзге үрлеп тартылатын аспаптарға, әсіресе флейтаға, ұқсастау. Айырмашылық негізінен дыбыс алу әдісінде ғана. Егер флейташы ауа толқынын ернімен бағыттаса, ал сыбызғышы тілімен бағыттайды.

Кейбір сыбызғышылар діріл-теобелісті ерінді қимылдата отырып туғызады. Диафрагма арқылы діріл туғызу сыбызғыда оң-ай. Мұндайда ойнаушының аузының бір бөлегі ашық қалғанымен ауа толқыны айдалаға кетпейді, өйткені ойнаушы ауаны қажетті мөлшерден асырмай бел- гілі бір бағытқа туралап шығарады. Сыбызғыда бір но- тәның ұзақ дыбыстауы шамамен флейтадағыдай.

Үрлеп тартылатын аспаптарда бір нотаны үзіп қайталау үш түрлі әдіспен жүзеге асырылды, яғни: тыныспен, тілмен және форшлагтармен.

Жоғарыда айтылғандай көп уақыт үмыт болып, тоқтап қалғаннан кейін ақыры әр түрлі музыкалық аспапта қосылып ойнау дәстүрі қайта өмірге келді. Бұл жолы Д. Мықтыбаев пен осы кітаптың авторы дуэт қүрады. Бүрынғыдағыдан бір өзгешелігі, біз күйлерді тартып үйрене бастадық. Алғаш 1970 жылы Алмат ыоблысына гастрольдық сапарға шыққанымызда Ықыластың «Қамбар батыр» күйін орындаған едік. Кейінірек Ықыластың және бір күйін «Кер толғауды» дуэтке салдық. Тембрі, әуені, ойнау тәсілі, дыбыстың күші жағынан сыбызғы мен қылқобыз жақсы үйлесім табады. Оларда орындалатын күйлердіқ сипаттары жағынан бір-біріне үндес болып келуі де осы екі аспапты ойдағыдай дуэтке қосуға жағдай жасайды.

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу: