Сыбызғы оркестрлік аспап ретінде...

18 Қазан 2013, 04:09

Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бұл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндік- тері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті. Осы кезеңде сыбызғыны жетілдіруде алғашқы қадамдар жасалынады. Белгілі музыка шебері И. Романенко бұл аспапты оркестрде ойнау үшін жетілдіру ісімен айналысты. Бүл мақсатқа жету үшін ең әуелі сыбызғының оркестр репертуарына сәйкес болуын қарастыру керек болды. Бірақ оркестрдің бүрауы ол кезде әлі белгіленіп болған жоқ еді. Оркестрдің жалпы даусын күшейту үшін алдымен домбыраның жалпы даусын күшейту қажет болды. Домбыраның әуелгі кездегі бүрауы кіші октава- ның ми мен үлкен октаваның си ноталары болған еді. Біршама кейін ол жартылай тонға, одан кейінірек соль-ре-ге (бір жарым тонға) көтерілді. 1944 жылы Қазақ радио-комитеті жанынан халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылды, онда домбыралардың бүраулары кіші октаваның ля-ми болып келтірілді. Бірақ іс жүзінде бүл бұрау жарамсыз болып шықты, себебі халық күйлері өзінің жұмсақ қоңыржай әуенінен айрылып қалатын болды, оркестрдің даусы тым ащы шықты. Әуелгі кезде сыбызғыны оркестрде пайдаланғанда тек халық күйлерінде қолданды. Ал Қазақстан композиторлары шығармаларының партитурасына келгенде іс қиынға айналдьі. Ы. Уәлиев негізінен қурайдан жасалған сыбызғымен ойнаған-ды. Ол сыбызғыны жай ғана тыңдай отырып күйге келтіретін. И. Романенко оған ағаштан бірнеше сыбызғы жасап берген еді, алайда олар қазір ені жерде жоқ. Бұл шебердің 1936 жылы металдан бес ойықты етіп жасалған бір сыбызғысы бүл күнде Москвада М. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталық музейінде сақтаулы. 1939 жылы бес ойықты етіп жасалған тағы бір сыбызғы Алматыда Орталық мемлекеттік музейде сақтаулы тұр. Бүл аспап өзінің үнімен 1936 жылғы жасалған нұсқаға келеді. Бүйірдегі ойықтардың диаметрі—10 мм. Ол сыбызғының дыбыс қатарын анықтағанымызда былай болып шықты. Кіші октаваның ля, си, бірінші октаванық до-диез, ре, ми, соль ноталары. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.

Сыбызғыны оркестрлік аспап ретінде пайдаланған шақта музыкант бұл аспаптың тым қара дүрсінділігі салдарынан көп қиыншылыққа кездескенін айту керек. Ал бұл шақта домбыра мен қобыз оркестрге қосылған соң-ақ тез дамып, жетіле түсті. Олардың техникалық мүмкіндік- тері өскен сайын оркестрдің репертуары да күрделілене берді. Осының бәрі сыбызғыны қайта жетілдіріп жасауды талап етті.

Осы кезеңде сыбызғыны жетілдіруде алғашқы қадамдар жасалынады. Белгілі музыка шебері И. Романенко бұл аспапты оркестрде ойнау үшін жетілдіру ісімен айналысты. Бүл мақсатқа жету үшін ең әуелі сыбызғының оркестр репертуарына сәйкес болуын қарастыру керек болды. Бірақ оркестрдің бүрауы ол кезде әлі белгіленіп болған жоқ еді. Оркестрдің жалпы даусын күшейту үшін алдымен домбыраның жалпы даусын күшейту қажет болды. Домбыраның әуелгі кездегі бүрауы кіші октава- ның ми мен үлкен октаваның си ноталары болған еді. Біршама кейін ол жартылай тонға, одан кейінірек соль-ре-ге (бір жарым тонға) көтерілді. 1944 жылы Қазақ радио-комитеті жанынан халық аспаптары оркестрі ұйымдастырылды, онда домбыралардың бүраулары кіші октаваның ля-ми болып келтірілді. Бірақ іс жүзінде бүл бұрау жарамсыз болып шықты, себебі халық күйлері өзінің жұмсақ қоңыржай әуенінен айрылып қалатын болды, оркестрдің даусы тым ащы шықты.

Әуелгі кезде сыбызғыны оркестрде пайдаланғанда тек халық күйлерінде қолданды. Ал Қазақстан композиторлары шығармаларының партитурасына келгенде іс қиынға айналдьі. Ы. Уәлиев негізінен қурайдан жасалған сыбызғымен ойнаған-ды. Ол сыбызғыны жай ғана тыңдай отырып күйге келтіретін. И. Романенко оған ағаштан бірнеше сыбызғы жасап берген еді, алайда олар қазір ені жерде жоқ. Бұл шебердің 1936 жылы металдан бес ойықты етіп жасалған бір сыбызғысы бүл күнде Москвада М. Глинка атындағы музыкалық мәдениеттің орталық музейінде сақтаулы.

1939 жылы бес ойықты етіп жасалған тағы бір сыбызғы Алматыда Орталық мемлекеттік музейде сақтаулы тұр. Бүл аспап өзінің үнімен 1936 жылғы жасалған нұсқаға келеді. Бүйірдегі ойықтардың диаметрі—10 мм. Ол сыбызғының дыбыс қатарын анықтағанымызда былай болып шықты. Кіші октаваның ля, си, бірінші октаванық до-диез, ре, ми, соль ноталары.

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу: