Сыбызғы аспабы

18 Қазан 2013, 04:06

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934 ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады. XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мүның өзі сыбызғының сол кезде халық түрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И. Липаевтық да мәлімдеуі көңіл аударарлық. «Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жүп-жүқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады». Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бүл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғынын, әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тихов былай деп мәлімдейді: «Түркістанда он екі жыл тұрып сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...» Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуына ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.

Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін ең сүйікті аспап болып табылады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғы шопандардың отар бағып жүрген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыздар-жырларды айтқан. Сыбызғышылар барлық тойлар мен мерекелердегі құрметті қонақтар болған. Сыбызғының кең таралуы, қолданылуы оның қарапайымдылығымен түсіндіріледі. Сыбызғыны қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау ойған. Қурайдан, ағаштан, кейде жезден де жасалады. Ұзындығы 600 – 650 мм немесе 700 – 800 мм болады; 3 – 4 ойықты. Дыбыс қатары диатоникалық, көлемі 2 1/2 октава. Сыбызғы ойықтарынан демді жай немесе күшті шығару арқылы түрлі дыбыс әуендері туады. Сыбызғы негізінен бақташылар арасында кең тараған. Сыбызғылық күйлер әдетте екідауысты болып келеді. Бір дауыс аспаптан шықса, екінші дыбыс орындаушы-музыканттың тамақты дыбысынан пайда болған. Осы екі дыбысты қатар орындау техникасын меңгерген адам сыбызғыда ойнай алатын болған. Сыбызғы тектес аспаптар басқа халықтарда да (абхаз, адыгей, өзбек, тәжік, татар, башқұрт, т.б.) бар. Бұл аспап алғаш 1934 ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды. Қазір оның жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады.

XVIII—XIX ғасырлардағы этнографиялық еңбектерде сыбызғы жиі ауызға алынады. Ал мүның өзі сыбызғының сол кезде халық түрмысында кеңінен қолданылғанына дәлел. Сыбызғы жайында капитан И. Андреевтің 1795 жылы жарық көрген кітабында айтылады. XIX ғасырдың екінші жартысына шейін сыбызғының барлық жерге кең тарағаны жайында белгілі зерттеуші А. Левшиннің жазбаларында да бар. Этнограф И. Липаевтық да мәлімдеуі көңіл аударарлық.

«Семей облысындағы қырғыз музыканттардың қолынан сыбызғыны көресің,— деп жазды ол.— Сыбызғы тал шыбықтан немесе басқа да сондай ағаштан жасалады. Үш жағына, тегінде сәндік үшін болса керек, терінің жүп-жүқа қыртысымен керілген жіңішке арқан жіп байланады. Түтіктің іші жақсылап ойылып, асқан шеберлікпен өңделген. Дыбыс шығаратын тесік үшеу ғана, ойнаған кезде саусақтың ұшымен ашылып-жабылады».

Өткен ғасырдың аяғына қарай Қазақстанның бір қатар өңірлерінде бүл аспап тым сиреп кетеді. Сыбызғынын, әр түрлі облыс тұрғындарының арасында бір мезгілде емес, біртіндеп жоғалғанын этнографтардың көптеген мәліметтерінен аңғаруға болады. Мысалы, Түркістан өлкесін жете зерттеген этнограф П. Тихов былай деп мәлімдейді:

«Түркістанда он екі жыл тұрып сыбызғыны бір-ақ рет көре алдым, онда да тек көзім шалып қалғаны болмаса...»

Бұл өлкеде сыбызғының жоғалуына ол екі түрлі себеппен байланыстырады: жергілікті жердің табиғатында сыбызғы жасайтын өсімдіктің болмауы және онда ойнаудың қиындығы.

  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 8 том
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, Мәдениеттану негіздері: Окулық. - Алматы: Дәнекер, 2000.
Бөлісу: