«Шараға қоғамдық-саяси және академиялық топтардың, дипкорпустың өкілдері, қазақ диаспорасының мүшелері мен өнер және мәдениет саласының мамандары қатысты», - делінген ақпаратта.
Шарада сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қайрат Омаров аталмыш басылымның жоғары мәдени құндылығын атап өтті. Оған қазақстандық жазушылар мен ақындардың таңдаулы шығармалары кірді. Сондай-ақ, ол мәдениет саласында өзара ынтымақтастық орнатуға барлық жағдайдың жасалғанын айтты.
Таныстырылған кітапты онлайн дүкендерден сатып алуға болады.
BNews.kz