Елбасы инновациялық дамуда білім, ғылым, бизнесті бір арнаға тоғыстыра алды – Жұмағұлов

29 Қараша 2012, 07:38

Елбасы Қазақстан үшін жаңа бағыт - инновациялық дамуда барлық қорларды – білім, ғылым, бизнесті бір арнаға тоғыстыра алды. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Тағы бір өзекті бағыттың бірі – Президент Н.Ә. Назарбаевтың зияткер ұлтты қалыптастыруы. Жаңа көзқарастағы қазақстандықтарды тәрбиелеу, адамзаттық капиталдың жаңа деңгейі – жаңа экономиканы қалыптастырудың басты шешімі болып табылған. Мұндай бағытты Қазақстан Президенті Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде білім беру жүйесін дамытуда нағыз серпіліс жасалынды», - деді Б.Жұмағұлов. Білім және ғылым минситрі дендеп бара жатқан енжарлықты ауыздықтап, кадрларды даярлаудың түбегейлі жаңа жүйесін құруға жасалған мүмкіндіктерді де назардын тыс қалдырмады. «Қазақстан бұрыңғы кеңестік елдердің ішінде бакалаврлар, магистрлер мен философия докторларын (PһD) үш сатылы даярлау ісіне бірінші болып көшті. Бұл жалпы әлемдік және еуропалық деңгейдегі білікті мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол. Сонымен қатар, Б.Жұмағұлов Елбасы ұсынған «Болашақ» бағдарламасын ерекше ілтипатпен атап өтіп, оның арқасында мыңдаған қазақстандықтардың дүние жүзінің ең үздік университеттерінде оқу мүмкіндігін алғандығын тілге тиек етті. «Әрине, олардың қатарында қазіргі форум өткізіліп жатқан Назарбаев университеті де бар. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының жоспары бойынша құрылған жаңа үлгі, постиндустриалды үштік – білім, ғылым мен инновация әлемінің үйлесімді үлгісі бола білді. Бүгінгі таңда Назарбаев Университеті еліміздің бүкіл білім беру жүйесіне жаңа тәжірибе таратудың тұтқасына айналды», - деп тоқталып өтті ол. «2009 жылы Елбасы дүниежүзілік ең озық трендтерге сай, ғылымды басқарудың жаңа үлгісін шығарды. Ғылымның жаңа векторын белгіленді – әлемдік деңгейге жылжып, экономикаға шынайы қамқорлық жасалынды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, «дәл осы ғалымдар Қазақстанның дамуына шешуші үлесін қосатын уақыт келеді ». Жалпы, Елбасы Қазақстан үшін жаңа бағыт - инновациялық дамуда барлық қорларды – білім, ғылым, бизнесті бір арнаға тоғыстыра алды», - деп түйіндеді Білім және ғылым министрі.

Елбасы Қазақстан үшін жаңа бағыт - инновациялық дамуда барлық қорларды – білім, ғылым, бизнесті бір арнаға тоғыстыра алды. Бұл туралы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» алғашқы Назарбаев оқуларында сөз сөйлеген кезінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тағы бір өзекті бағыттың бірі – Президент Н.Ә. Назарбаевтың зияткер ұлтты қалыптастыруы. Жаңа көзқарастағы қазақстандықтарды тәрбиелеу, адамзаттық капиталдың жаңа деңгейі – жаңа экономиканы қалыптастырудың басты шешімі болып табылған. Мұндай бағытты Қазақстан Президенті Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жүзеге асырып келеді. Соның нәтижесінде білім беру жүйесін дамытуда нағыз серпіліс жасалынды», - деді Б.Жұмағұлов.

Білім және ғылым минситрі дендеп бара жатқан енжарлықты ауыздықтап, кадрларды даярлаудың түбегейлі жаңа жүйесін құруға жасалған мүмкіндіктерді де назардын тыс қалдырмады.

«Қазақстан бұрыңғы кеңестік елдердің ішінде бакалаврлар, магистрлер мен философия докторларын (PһD) үш сатылы даярлау ісіне бірінші болып көшті. Бұл жалпы әлемдік және еуропалық деңгейдегі білікті мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік берді», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Б.Жұмағұлов Елбасы ұсынған «Болашақ» бағдарламасын ерекше ілтипатпен атап өтіп, оның арқасында мыңдаған қазақстандықтардың дүние жүзінің ең үздік университеттерінде оқу мүмкіндігін алғандығын тілге тиек етті.

«Әрине, олардың қатарында қазіргі форум өткізіліп жатқан Назарбаев университеті де бар. Бұл Нұрсұлтан Әбішұлының жоспары бойынша құрылған жаңа үлгі, постиндустриалды үштік – білім, ғылым мен инновация әлемінің үйлесімді үлгісі бола білді. Бүгінгі таңда Назарбаев Университеті еліміздің бүкіл білім беру жүйесіне жаңа тәжірибе таратудың тұтқасына айналды», - деп тоқталып өтті ол.

«2009 жылы Елбасы дүниежүзілік ең озық трендтерге сай, ғылымды басқарудың жаңа үлгісін шығарды. Ғылымның жаңа векторын белгіленді – әлемдік деңгейге жылжып, экономикаға шынайы қамқорлық жасалынды. Нұрсұлтан Назарбаев атап өткеніндей, «дәл осы ғалымдар Қазақстанның дамуына шешуші үлесін қосатын уақыт келеді ». Жалпы, Елбасы Қазақстан үшін жаңа бағыт - инновациялық дамуда барлық қорларды – білім, ғылым, бизнесті бір арнаға тоғыстыра алды», - деп түйіндеді Білім және ғылым министрі.

Бөлісу: