Жапон театрының өнері жайлы сөз басталғанда жапондықтар Амэно-Удзумэ Құдай туралы ежелгі аңызды естеріне түсіреді. Ғасырлар бойы гүлденіп келе жатқан жапондық дәстүрлі театрдың қалыптасуын, осы Құдайдың есімімен байланыстырады. Аңызда Күн Құдайы Аматэрасу ағасы — Жел Құдайы Сусаномен ренжісіп калып, Әлемді Күн нұрынан айырып, аспан үңгіріне тығылып қалады. Кеңеске жиналған Құдайлар Аматэрасуды үңгірден қалай шығаруды білмей бастарын қатырып тұрғанда, өзінің көріксіз, жаман түрімен атақты Амэно-Удзумэ Құдайы үңгір алдында билей бастайды. Оның кисынсыз биін көрген Құдайлар қарқылдап күледі. Күлкіні естіген Аматэрасу қызығып, үңгірден шыға келгенде, жер беті кайта Күн нұрына бөленеді. Осы үңгір алдында билеген Амэно-Удзумэнің биімен Жапонияның ұлттық театрының дүниеге келуін байланыстырады.
Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы баскалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII—VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ.) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды.
Бугаку деп аталатын музыкалы би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізілетін салтқа айналдырды.
Сингаку XI ғасырда комедиялық пантомима, ән-би, акробатика, қуыршақ ойындары төрізді халық өнерінің түрлерін қамтитын сарагакуге ұласты.
XII ғасырдың басында бугаку өнері қүлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған энгаку мен сарагаку басты. Бугакудың кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Сарагаку сауығы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды. Акробатика, клоунада, жонглерлік өнер, аяққа ағаш байлап жүру, фокус, бір аяқпен билеу, арқан үстінде жүру сияқты өнерлерден құралған сарагаку койылымдарын қайыршы актерлер ауылдарда, жолдарда көрсеткен.
XI ғасырда сарагакудің комедиялық бөлігі шағын пьесалардан (тұрмыстық комедиялардан), кейде сатиралық көріністерден тұратын кёген сауығына ұласты. "Киоттықтың тапқыр жауабы", "Шығыс провинция тұрғындарының астанаға бірінші сапары" деген тәрізді бірінші кёген пьесаларының аттары белгілі. Сарагаку қойылымдары халыққа қатты ұнағандықтан монастырь қызметкерлері оған көмегін көрсете бастады. Онымен қатар жергілікті би мен әндерге негізделген дэнгаку сияқты ойын түрі кең өріс алды. Сарагакудың храм ауқымында қойылуы және актерлердің буддистік мәтіндермен, әдебиетпен, поэзиямен танысуы сарагакудың тұрмыстық және сатиралық тақырыптан діни-философиялық пьесаларға көшуіне себепкер болды.

-