Астана қаласында өткен форумда ЭКСПО-2017 тақырыбындағы жұмыстар назарға ұсынылды. Еліміздің әр аймағынан келген оқушылармен қатар шетелдіктер де өздерінің жобаларын жолдаған.
«Аршалы жас техниктері станциясының тәрбиеленушісі Илья Сафроновтың жобасы «Ақпараттық технологиялар, радиотехника, электротехника және телемеханика» аталымы бойынша екінші орын алды. «Жасыл» энергетика, энерготиімділік және энергоүнемдеу тақырыбына арналған Ілияс Рамазановтың жұмысы үшінші орынға лайық деп танылды. Осы аталымдағы үздік жұмысы үшін Майя Румбекова да арнайы сыйлықпен марапатталды»,-деп жазылған хабарламада.