«Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясының берген мәліметтері бойынша, бүкіләлемдік көрме аясында Астанаға 2 млн-нан астам турист, 5 млн қонақ келіп кетеді деп күтілуде»,- деді Қ.Алтаева.
Өз кезегінде, ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің басшысы Марат Иғалиев алдағы ЭКСПО көрмесі аясында Астанада этноауыл салып, жағалау маңындағы жерлерді дамыту жоспарланып отырғанын атап өтті.