Бұл жайында "Узбекнаво" эстрадалық-концерттік бірлестігі мәлімдеді. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, Умировтың лицензиясы расында да кері қайтарылған. Бірақ нақты себебін олар айтпай отыр. Ал, Азаттық радиосының Өзбекстандағы тілшілері мәселенің барлығы мақта терімінде екендігін мәлімдеді.
Бұған дейін де әншінің бейнебаяндары ұлттық менталитетке сай келмейді деп көрсетілімнен алынып тасталынған болатын. Енді ол не концерттерде, не тойда өлең айта алмайды.
Baq.kz