Режиссер Ольга Коротьконың “Шатырдағы көгершін” фильмі 8 бен 14 қазан аралығында Индияның Мумбай қаласында өтіп жатқан Халықаралық әйелдер киносы фестиваліне қатысып жатыр, деп хабарлайды “Қазақфильм” киностудиясының баспасөз қызметі.
Фильм әкесін отбасына қайтарғысы келетін баланың қиын тағдырын баяндайды.