Ал жоғарыдағыдай мәлімдемені Ақтөбе қаласының әкім орынбасары Айгүл Арынғазиева мектеп директорларымен өткізген шұғыл жиналыста айтқан. Олар апта соңына дейін мұғалімдермен бірлесе отырып, ата-аналар жиналысын өткізу жайында міндеттеме алған. Яғни, бала мектепке келгенде мұғалімнің, ал ата-аналар болса, жасөспірімдердің өз үйлерінде түнеуін жіті бақылауда ұстайтын болады. Тіпті, қаладағы педофильдік оқиғалардың тым жиілеп кетуіне байланысты, балаларды үйлеріне жіберуде олардың жақын туыстарына да сенімсіздік күшейген.
Естеріңзге сала кетейік, қаладағы №19 мектептің 15 жастағы үзік оқушысы түнгі сағат 10:00 шамасында "сыныптас құрбымның үйіне қонуға барамын" деп сұранып шығып кеткеннен кейінгі жағдай мүлдем басқаша сипат алған болатын. Құрбысының үйіне қонуға емес, интернет арқылы танысқан кісімен кездесуге барған жасөспірімнің жансыз денесі кейіннен табылды. Ал қылмыскер әлі күнге қолға түскен жоқ.