Байқауға жастардың отаншылдық сезімін ояту, Қазақстандағы туризм саласын дамыту, еліміздің позитивтік имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіліп отыр.
Байқау жұмыстары 2013 жылдың 10 қазан мен 10 қараша аралығында қабылданатын болады.
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын электронды нұсқада мына мекен жайға жіберуі тиіс:
elkz@inbox.ru
Байқауға 15 пен 30 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алады.
Байқауға қатысушылар фотоматериалмен бірге міндетті түрде мынадай деректерді көрсетуі тиіс: аты-жөні, тұрғылықты жері, жасы, байланыс ақпараттары - телефон және электронды мекен жай.
Байқауға түскен шығармалардың тақырыпқа сай болуы, стилі мен суреттеріне баса назар аударылады. Қатысушы бір ғана шығарма жіберуге құқылы.
Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.