Бүгiн елордадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң базасында жастар мәселесiне арналған семинар-тренинг өттi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
Екi күнге созылатын шараға жастар iсi жөнiндегi комитетiнiң басшылары, Астана мен Алматы қалалары және облыстардағы жастар саясаты мәселелерi басқармаларының жетекшiлерi мен бөлм жетекшiлерi қатысуда. Семнар-тренингте мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес жастар ұйымдарының қарым-қатынасы, мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудағы консультативтiк органдардың рөлi және ведомствоаралық қарым-қатынас сынды мәселелер қозғалды.
«Елiмiзде соңғы уақытта жастар саясатын дамытуға бағытталған бiрқатар iс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бiрi – жергiлiктi жерлерде жастар мәселесiмен айналысатын басқармалардың құрылуы, Бiлiм және ғылым министрлiгiндегi департаменттiң комитет ретінде қайта құрылуы. Бұл жастар мәселесiне мемлекет тарапынан үлкен көңiл бөлiнiп жатқанын бiлдiредi. Бiздiң мақсатымыз – жұмысымызды жүйелеп, елiмiздегi жастардың рөлiн арттыру, жалпы, болашаққа батыл қадам жасау», - дедi Жастар iсi жөнiндегi комитеттiң төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов.
Атап өтсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХIХ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасы бойынша, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi жанындағы Жастар iсi комитеті, өңiрлiк жастар саясаты мәселелерi бойынша басқармалар құрылды. Кеңестiң 5 жылдығы аясында аталған мемлекеттiк құрылым басшылары мен қызметкерлерiне арналған «Мемлекеттiк жастар саясатын iске асырудағы ведомствоаралық қарым-қатынас формаларын жетiлдiру» тақырыбында ұзақ мерзiмлi бiлiм беру бағдарламасы iске қосылды. Жүйелеу, ұйымдастыру және өзге де механизмдер бойынша мемлекеттiк органдар мен азаматтық институт қоғамының қызметiне жаңа серпiн беретiн мемлекеттiк жастар саясатының тиiмдi жүйесiн қалыптастыру семинар-тренингтер өткiзудiң басты мақсаты болып табылады.