Бірінші Теміртау классикалық лицейдің 6-шы сынып оқушысы Никита Тымченко пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ең жас қатысушы болды. Ол 60 келіні көтеріп, экипировкасыз жаттығуда алтын медаль жеңіп алды.
«Менің салмақ дәрежем бойынша 5 адам болды. Мен салмақты олардан екі есе артық ұсынып отырдым. Маған жеңіске жетуге әкем көмектесті. Ол ең жақсы бапкер», - деді Никита Тымченко.
Никитаның бұл спорт түрімен айналысқанына бір жыл болыпты. Жарыста ол өзінен 2-3 жас үлкен қарсыластарын жеңді.