Қазақстан бокс федерациясының спорт директоры, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев алдағы бокстан әлем чемпионатында ел құрамасы қанша алтын медаль алатынын болжады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Спортшының сөзіне қарағанда, қазақстандық боксшылар жеңіске дайын.
«Біздің жігіттер жеңіс сыйлайды деп үміттенеміз. Кеше ұлттық құрамалардың спаррингтік кездесуі өтті. Соңғы жиынға Куба, Әзірбайжан, Ирландия және Қазақстан қатысты. Біздің жігіттер тастүйін дайын отыр. Біз кем дегенде екі алтын аламыз деген ойдамын. Жалпы алғанда ел құрамасы жақсы дайындалды», - деп атап өтті С.Сәпиев.
Айта кетейік, бүгін С.Сәпиев алматылық студенттермен кездесіп, оларға бокстан шеберлік сағатын өткізіп, барлық сұрақтарына жауап берді.