Алма-кезек шабуылға ұласқан шиеленіске толы бәсекенің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Әр командадан төрт ойыншы қатысқан бес минуттық овертайм да таблодағы есепке өзгеріс әкелмеді. Айналып келгенде жеңімпазды анықтау үшін буллитке жүгінуге тура келді. Міне осы тұста «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен ерледі. Финляндиялық легионеріміз буллиттік серияда өз қақпасына бір де бір шайба жіберген жоқ. Әупірімдей жүріп екі ұпай олжалаған «Барыс» келесі турда Мәскеудің «Динамосын» қабылдайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Baq.kz