«Бүгінгі таңда Қазақстан жастары халықтың әлеуметтік тобын құрайды. Ол қазақстандық қоғамның болашағын анықтайтын негізгі факторлардың бірі болып табылады. Статистикалық мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы жастардың саны 359 012 (50,8%) құрайды. Оның 138 931 (38,7%) ауылда тұрады», - деді ШҚО Жастар саясаты басқармасынан.
Алғаш рет өткізілетін конгресте ауыл жастарының проблемалары, жұмыспен қамту мәселелері қаралады.