Тіпті, шайнектегі температураны да қалта телефонымен орната аласыз. Мәселен, көк шай ішкіңіз келсе 90 градус, кофе ішкіңіз келсе, 95 градустық режимді қосу керек.
Сондай-ақ, iKettle смартфоныңызға шайды қай уақытта ішетініңізді сұрап хабарлама жібереді. Егер дәл сол уақытта ішпесеңіз, шайнек бойындағы температураны жоғалтпай сіздің келгеніңізді күтеді.
Әзірге "ақылды" ыдыс сатылымға шығарылған жоқ. Өнертапқыштар оны қараша айының соңында нарыққа шығармақ. Ал, бағасы шамамен 100 фунтты құрайтын болады.
Baq.kz