Жаппай жаттығу таңғы сағат 8-де басталады. Жаттығу жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шара, делінген ақпаратта.
Жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаевтың айтуынша, жаттығуға 2 мыңнан астам адам қатысады. Былтырғы жылы таңғы жаттығуға бір жарым мың азамат қатысқан. Жаттығудан кейін 2022 жылы Алматыда Олимпиада ойындарын өткізуді қолдауға бағытталған флэш-моб ұйымдастырылады.