«Мен көп жылдар бойы мәдени ландшафт тақырыбымен айналысып келемін және де менің ойымша, осы уақыт аралығында біз жүзеге асырған жұмыстар тек мәдени ландшафтқа ғана емес, мұраның барлық нысандарына қатысты. Бұл – мәдениет пен табиғаттың, мәдени мұра нысандары мен қоршаған ортаның байланысы. Ескерткішті оған қол тигізбей-ақ жойып жіберуге болады. Кейде біз қандай да бір ескерткішті сақтап қалу туралы сөз қозғағанда, оның тек сәнді бұйымдары, мәдени мұраға жататын кейбір элементтер туралы айтамыз. Ал шын мәнінде, ескерткіштің өзін, оның орналасу аймағын, оның айналасындағы табиғи үдерістер туралы ойлауымыз қажет. Өйткені мұның барлығы мұраның нысаны болып табылады»,- деп өз пікірімен бөлісті Ю. Веденин.
Оның айтуынша, мұраның тек материалдық бөлігін ғана емес, рухани құндылығын да қарастырған дұрыс.