Қазақстандық кәсіпқой велошабандоз, жеке жарыстан 2006 жылғы және топтық жарыстан 2007 жылғы Қазақстан чемпионы, 2004 және 2008 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы, «Astana Proteam» командасының велошабандозы Максим Иглинский Әл-Фараби даңғылынан Алматы Шығыс Айналма автожолына дейінгі қашықтықты 30 градус ыстықта еш қиындықсыз 5 рет айналып өтіп, жеңімпаз атанды. Ол 15 мың еуро алады.
«Веложарыс қашықтығы ауа райының қолайсыздығы мен «Евроспорт» телеарнасындағы тікелей көрсетілімнің шектелуіне байланысты 186 км-ден 156 км-ге дейін қысқартылды», - деп атап өтті Олимпиада чемпионы Александр Винокуров.