Оның сөзіне қарағанда, бүгінде жыл басынан бері 500-ден астам адам қала кәсіпорындарында жастар практикасынан өткен. «Қолында колледждің немесе институттың дипломы бар, оқу бітірген студент бізге келіп, жұмыссыз ретінде тіркеуге тұрады. Жұмыспен қамту орталығы арқылы біз оны ақысы төленетін практикаға жібереміз. Ол жарты жылға созылады, айына 22 мың теңге төленеді. Практикадан кейін басым көпшілігі Алматы кәсіпорындарына жұмысқа орналасып жатады»,- деді А. Қалықова.