«Қазақстандағы Башқұртстан күндері» бағдарламасына лауазымды тұлғалар мен кәсіпорын басшыларымен іскерлік кездесулер және келіссөздер кіреді.
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығының болашағы» атты дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Меймандарға Башқұртстанның инвестициялық, өнеркәсіптік және зияткерлік әлеуеті көрсетіледі. Әсіресе инвестицияларды тартуға арналған нормативтік-құқықтық инфрақұрылым жасауға мүмкіндік беретін жаңа заңдарға ерекше көңіл бөлінеді.
Сапар аясында Рүстем Хамитов жастармен кездесіп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде дәріс оқиды. Сонымен қатар, мемлекеттік маңызды мәселелер бойынша бірқатар кездесу өтеді.
BNews.kz