Дерек пен дәйек. Қазақ боксшылары Әлем чемпионаттарында

4 Қазан 2013, 09:34

Baq.kz – Әсем қаламыз Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатының қарсаңында қазақ боксшыларының әлем чемпионаттарындағы әр салмақ дәрежелерінде жеткен жетістіктері жайлы шолу жасайық. Қазақ елінің дербес командасы тұңғыш рет 1993 жылы Финляндияның Тампре қаласында өткен 7-ші әлем чемпионатына қатынасқан болатын. Содан бері еліміздің ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына үзбей қатысып келеді. 2003 жылы Бангкок және 2005 жылы Миньян(Қытай) қалаларында өткен әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Енді қазақ боксшыларының әр салмақ дәрежелеріндегі жетістіктеріне көз жүгіртейік.  49 келі (бұрынғы 48кг). Бұл салмақтағы қазақ боксшыларының жетістігі бір қола жүлде.Ол жүлдені 2005 жылғы ӘЧ-да Біржан Жақыпов жеңіп алған болатын. Алдағы ӘЧ-да Біржан сол жетістігінен асып түседі деп сенеміз. 52кг (51кг). Бұл салмақ дәренжесі қазақ боксшылары үшін сәтті салмақтардың бірі. Осы салмақта қазақ боксшылары барлық түрлі жүлделерге иелік етті. Бұл салмақта қазақ боксшыларының арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Жұмаділов өнер көрсеткен. Даңқты боксшымыз Болат ӘЧ-да үш жүлдеге иелік етті. 1999 жылы-алтын, 1995 жылы-күміс ,1997 жылы-қола жүлде жеңіп алды. 2005 жылғы ӘЧ-да Мират Сәрсембаев қола жүлдені жеңіп алды. 56кг (57кг). Бұл салмақ дәрежесінде де қазақ боксшылары қомақты жүлделерге қол жеткізді.Ақтөбелік боксшы Ғалиб Жафаров 2003 жылғы ӘЧ-да алтын, 2001 жылғы ӘЧ-да күміс жүлде жеңіп алды. 60кг.Бұл салмақтағы нәтижеміз бір қола жүлде. Ол жүлдені 2011 жылғы ӘЧ-да Ғани Жайлауов жеңіп алған болатын. 64 кг (63,5кг). Бұл салмақта атақты боксшымыз Серік Сәпиев екі дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алды (2005ж,2007ж) 69 кг(67кг). Бұл салмақта қазақ боксшылары бір күміс, екі қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Серік Сәпиев 2011 жылғы ӘЧ-да күміс,2009 жылғы ӘЧ-да қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қола жүлдені 2005 жылғы ӘЧ-да Бақтияр Артаев жеңіп алды. Жетпей тұрған алтын медалді осы жолы жеңіп алармыз деп үміттенеміз. 75 кг. Бұл салмақта боксшыларымыз бір алтын екі қола жүлдені жеңіп алды .2003 жылғы ӘЧ-да Геннадий Головкин әлем чемпионы атағын жеңіп алды.Қола жүлдені 1993 жылы Василий Жиров (еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі бокстан әлем чемпионаттарындағы тұңғыш жүлде) және 2007 жылғы ӘЧ-да Бақтияр Артаев жеңіп алды. 81 кг. Бұл салмақта қазақ боксшылары әлем чемпионаттарында жүлделердің толық жиынтығына ие. 2005 жылғы ӘЧ-да Ердос Жаңабергенов әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 2011 жылғы ӘЧ-да Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдеге қол жеткізді.Қола жүлдені 1995 жылғы ӘЧ-да Василий Жиров және 2007 жылғы ӘЧ-да Еркебұлан Шыналиев жеңіп алды. 91кг. Қазақ боксшыларының еншісіне жүлде тимеген жалғыз салмақ дәрежесі осы. Алматыдағы әлем чемпионатында осы олқылықтың орны толады деп дәметейік. +91кг. Аса ауыр салмақта қазақ боксшыларының қанжығасында екі жүлде бар. 1999 жылғы ӘЧ-да Мұқтархан Ділдәбеков күміс жүлдені жеңіп алса, 2011 жылғы ӘЧ-да Иван Дычко қола жүлдеге иелік етті. Аталған боксшылардан басқа қазіргі кезде алып тасталған 71 кг салмағында Ермахан Ибраймов күміс(1997ж) және қола (1999ж) жүлде жеңіп алған болатын. Міне қазақ боксшыларының әлем чемпионаттарындағы жетістіктері осындай. Baq.kz

Baq.kz – Әсем қаламыз Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионатының қарсаңында қазақ боксшыларының әлем чемпионаттарындағы әр салмақ дәрежелерінде жеткен жетістіктері жайлы шолу жасайық. Қазақ елінің дербес командасы тұңғыш рет 1993 жылы Финляндияның Тампре қаласында өткен 7-ші әлем чемпионатына қатынасқан болатын. Содан бері еліміздің ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына үзбей қатысып келеді. 2003 жылы Бангкок және 2005 жылы Миньян(Қытай) қалаларында өткен әлем чемпионаттарында Қазақстан құрамасы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Енді қазақ боксшыларының әр салмақ дәрежелеріндегі жетістіктеріне көз жүгіртейік.

 49 келі (бұрынғы 48кг). Бұл салмақтағы қазақ боксшыларының жетістігі бір қола жүлде.Ол жүлдені 2005 жылғы ӘЧ-да Біржан Жақыпов жеңіп алған болатын. Алдағы ӘЧ-да Біржан сол жетістігінен асып түседі деп сенеміз.
52кг (51кг). Бұл салмақ дәренжесі қазақ боксшылары үшін сәтті салмақтардың бірі. Осы салмақта қазақ боксшылары барлық түрлі жүлделерге иелік етті. Бұл салмақта қазақ боксшыларының арасынан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Болат Жұмаділов өнер көрсеткен. Даңқты боксшымыз Болат ӘЧ-да үш жүлдеге иелік етті. 1999 жылы-алтын, 1995 жылы-күміс ,1997 жылы-қола жүлде жеңіп алды. 2005 жылғы ӘЧ-да Мират Сәрсембаев қола жүлдені жеңіп алды.
56кг (57кг). Бұл салмақ дәрежесінде де қазақ боксшылары қомақты жүлделерге қол жеткізді.Ақтөбелік боксшы Ғалиб Жафаров 2003 жылғы ӘЧ-да алтын, 2001 жылғы ӘЧ-да күміс жүлде жеңіп алды.
60кг.Бұл салмақтағы нәтижеміз бір қола жүлде. Ол жүлдені 2011 жылғы ӘЧ-да Ғани Жайлауов жеңіп алған болатын.
64 кг (63,5кг). Бұл салмақта атақты боксшымыз Серік Сәпиев екі дүркін әлем чемпионы атағын жеңіп алды (2005ж,2007ж)
69 кг(67кг). Бұл салмақта қазақ боксшылары бір күміс, екі қола жүлдеге қол жеткізген болатын. Серік Сәпиев 2011 жылғы ӘЧ-да күміс,2009 жылғы ӘЧ-да қола жүлдеге ие болды. Тағы бір қола жүлдені 2005 жылғы ӘЧ-да Бақтияр Артаев жеңіп алды. Жетпей тұрған алтын медалді осы жолы жеңіп алармыз деп үміттенеміз.
75 кг. Бұл салмақта боксшыларымыз бір алтын екі қола жүлдені жеңіп алды .2003 жылғы ӘЧ-да Геннадий Головкин әлем чемпионы атағын жеңіп алды.Қола жүлдені 1993 жылы Василий Жиров (еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі бокстан әлем чемпионаттарындағы тұңғыш жүлде) және 2007 жылғы ӘЧ-да Бақтияр Артаев жеңіп алды.
81 кг. Бұл салмақта қазақ боксшылары әлем чемпионаттарында жүлделердің толық жиынтығына ие. 2005 жылғы ӘЧ-да Ердос Жаңабергенов әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 2011 жылғы ӘЧ-да Әділбек Ниязымбетов күміс жүлдеге қол жеткізді.Қола жүлдені 1995 жылғы ӘЧ-да Василий Жиров және 2007 жылғы ӘЧ-да Еркебұлан Шыналиев жеңіп алды.
91кг. Қазақ боксшыларының еншісіне жүлде тимеген жалғыз салмақ дәрежесі осы. Алматыдағы әлем чемпионатында осы олқылықтың орны толады деп дәметейік.
+91кг. Аса ауыр салмақта қазақ боксшыларының қанжығасында екі жүлде бар. 1999 жылғы ӘЧ-да Мұқтархан Ділдәбеков күміс жүлдені жеңіп алса, 2011 жылғы ӘЧ-да Иван Дычко қола жүлдеге иелік етті.

Аталған боксшылардан басқа қазіргі кезде алып тасталған 71 кг салмағында Ермахан Ибраймов күміс(1997ж) және қола (1999ж) жүлде жеңіп алған болатын. Міне қазақ боксшыларының әлем чемпионаттарындағы жетістіктері осындай.

Baq.kz

Бөлісу: