Өскемен ұстаздары әлеуметтік желі көмегімен сабақ өткізбек

4 Қазан 2013, 06:32

Өскемен қаласының мұғалімдері жаңа оқу жылында әлеуметтік желіде мектеп сабақтарын өткізу әдістемесін сынап көрмекші, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Оқытудың осы нұсқасы оқушыларға оқу бағдарламасын дер кезінде игеруге көмекке келуі тиіс. Өйткені синоптиктер биыл қыс аяз қатты, қар көп, боранды болады деп болжап отыр. Бұл сабақтардың болмауына және ауырып қалатын оқушылардың көбейіне әкелуі мүмкін. Осы тәжірибені елордалық ұстаздар қолданып көрген. Бұл туралы біз баспасөзден оқып білдік. Нәтижелі әрі тиімді тәжірибені қабылдау керек емес пе? Былтырғы оқу жылында бірқатар ұстаздар әлеуметтік желіні пайдалан отырып сабақ беруді қолға алды», — дейді қалылық білім беру бөлімінің басшысы Александр Кузнецов. «Он-лайн режімінде дөңгелек үстел, пікірталас, баспасөз мәслихатын, брифинг өткізу осы ғасырдағы ақпарат кеңістігінде кеңінен қолданылуда. Бұл Өскеменде де қолға алынуы тиіс. Оқушы мен ұстаздың тіке қарым-ұатынасын ештеңе алмастыра алмайды. Алайда қашықтықтан оқыту ЖОО-ларда қолданысқа енген. Әлеуметтік желіні пайдалана отырып сабақ өткізу білім берудің және өз бетімен білім алудың бір нұсқасы. Егер скайп бейне бағдарламасын пайдаланса байланыс біршама жақындай түседі, сабақ әрі түсініктірек болмақ», — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Өскемен қаласының мұғалімдері жаңа оқу жылында әлеуметтік желіде мектеп сабақтарын өткізу әдістемесін сынап көрмекші, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Оқытудың осы нұсқасы оқушыларға оқу бағдарламасын дер кезінде игеруге көмекке келуі тиіс. Өйткені синоптиктер биыл қыс аяз қатты, қар көп, боранды болады деп болжап отыр. Бұл сабақтардың болмауына және ауырып қалатын оқушылардың көбейіне әкелуі мүмкін. Осы тәжірибені елордалық ұстаздар қолданып көрген. Бұл туралы біз баспасөзден оқып білдік. Нәтижелі әрі тиімді тәжірибені қабылдау керек емес пе? Былтырғы оқу жылында бірқатар ұстаздар әлеуметтік желіні пайдалан отырып сабақ беруді қолға алды», — дейді қалылық білім беру бөлімінің басшысы Александр Кузнецов.

«Он-лайн режімінде дөңгелек үстел, пікірталас, баспасөз мәслихатын, брифинг өткізу осы ғасырдағы ақпарат кеңістігінде кеңінен қолданылуда. Бұл Өскеменде де қолға алынуы тиіс. Оқушы мен ұстаздың тіке қарым-ұатынасын ештеңе алмастыра алмайды. Алайда қашықтықтан оқыту ЖОО-ларда қолданысқа енген. Әлеуметтік желіні пайдалана отырып сабақ өткізу білім берудің және өз бетімен білім алудың бір нұсқасы. Егер скайп бейне бағдарламасын пайдаланса байланыс біршама жақындай түседі, сабақ әрі түсініктірек болмақ», — деп атап өтті Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

Бөлісу: