Қарағандылықтардан Андрей Финонченко мен Евгений Тарасов «Маккаби» қақпасына қатарынан екі гол салып, алғашқы таймды 2:0 есебімен қорытындылаған болатын.
Екінші таймның алдында "Маккаби" бапкері ойыншыларды алмастырып, алаңға Исмаил Райяна мен Дино Ндловудың орнына Хен Эзра мен Алон Турджеманды шығарды.
Оңтайлы сәтті ұтымды пайдаланған Хен Эзра 54-ші минутта Шахтердің қақпасына гол салды.
Одан кейін 79-шы минутта Алон Турджеман екінші гол салып, есеп теңестірді.
Ойын қорытындысы 2:2.