Бүгін - бүкіләлемдік қарттар күні

1 Қазан 2013, 10:57

Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 1990 жылығы 14 желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге қаулы етті.    Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды. Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.    Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.    Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.    Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.    “Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады”, - дейді БҰҰ. Бұл болжамы осы аумақтағы туудың төмендеуі мен ер адамдардың өлімінің жоғарылығына негізделген. Baq.kz

Қарттар күні мерекесі ХХ ғасырда пайда болған. Бұл аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн болып табылады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 1990 жылығы 14 желтоқсандағы № 45/106 қарары негізінде 1 қазанды халықаралық қарттар күні есептеуге қаулы етті.
   Басында қарттар күнін Еуропада, кейін Америкада, ал 80 - жылдардың аяғында барлық әлемде атап өтетін болды.
Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілген қарт адамдардың, жалғыз қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектердің мүдделеріне, оларға материалдық, әлеуметтік - тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып отыр.
   Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.
   Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында қарт адамдарды әлеуметтік қамсыздандырудың аралас жүйесі қалыптасты, ол зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін (мемлекеттік бөліп тарату және жинақтаушы), мүгедектігі, асыраушысынан айрылу жағдайына бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды; арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтер көрсетуді және әлеуметтік көмек беруді қамтиды.
   Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген.
   “Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады”, - дейді БҰҰ. Бұл болжамы осы аумақтағы туудың төмендеуі мен ер адамдардың өлімінің жоғарылығына негізделген.

Baq.kz

Бөлісу: