Қазақ хандарының көрші елдермен жүргізген жазбалары үш тілге аударылады

1 Қазан 2013, 10:53

Қазақ хандарының көрші елдермен жүргізген дипломатиялық жазбалары үш тілге аударылады. Бұл жөнінде Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Бұл қазақ хандығының тәуелсіз мемлекет ретінде көрші елдермен жүргізген сауда-экономикалық қарым-қатынасының жазбаша айғағы. Қазір ғалымдар мен тарихшылар бұл материалдарды зерттеуге кірісті. Алдаға уақытта осы жазбаларды қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударып, жұртшылыққа ұсынамыз», - деді М.Әбусейітова. «Біз Қытайдан 283 том алып келдік. Олар 72 мыңнан астам қазақ хандары мен сұлтандарының көрші елдердің билеушілерімен жүргізген дипломатиялық жазбаларынан тұрады. Бұл құжаттар өте құнды. Егер бұрын қазақтарда жазба, мемлекеттілік болған жоқ деген пікір болса, бұл айғақтар қазақтарда нумизматикалық және картографиялық материал болғанын дәлелдейді», - деді ол.

Қазақ хандарының көрші елдермен жүргізген дипломатиялық жазбалары үш тілге аударылады. Бұл жөнінде Бұл жөнінде бүгін ұлттық тарихты реформалау мәселелеріне арналған баспасөз мәслихатында Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл қазақ хандығының тәуелсіз мемлекет ретінде көрші елдермен жүргізген сауда-экономикалық қарым-қатынасының жазбаша айғағы. Қазір ғалымдар мен тарихшылар бұл материалдарды зерттеуге кірісті. Алдаға уақытта осы жазбаларды қазақ, орыс және ағылшын тіліне аударып, жұртшылыққа ұсынамыз», - деді М.Әбусейітова.

«Біз Қытайдан 283 том алып келдік. Олар 72 мыңнан астам қазақ хандары мен сұлтандарының көрші елдердің билеушілерімен жүргізген дипломатиялық жазбаларынан тұрады. Бұл құжаттар өте құнды. Егер бұрын қазақтарда жазба, мемлекеттілік болған жоқ деген пікір болса, бұл айғақтар қазақтарда нумизматикалық және картографиялық материал болғанын дәлелдейді», - деді ол.

Бөлісу: