Оқшау (арал) таулар – кең жазықта жеке-дара немесе топтала орналасқан оқшауланған таулар мен қыраттар. Салыстырмалы биіктіктері 100 м-ден 1000—2000 м-ге дейін болады. Пайда болуы жағынан қуаңшылық климатты, тектоникалық тұрақты аймақтарда қирағаннан кейін сақталған немесе жергілікті тау түзілу нәтижесінде (мысалы, жаңа тектоникалық процестер нәтижесінде пайда болған жақпар таулар, лакколитті таулар) түзілген тау жұрнақтарына жатады. Тау жыныстары — жер қабығында бірнеше тектен қосылған минералдық тау жыныстары, минералдардың немесе органикалық заттың қатқан немесе қатпаған жиынтығы. Тау жыныстары шығу тегіне қарай мынадай үш үлкен топқа бөлінеді:
Магмалық тау жыныстары
Шөгінді тау жыныстары
Метаморфтық тау жыныстары
Минералдардың барлығы «мономинералды» және «полиминералды» болып екіге бөлінеді. Мономинералды дегеніміз — тек бір ғана химиялық қосылыстан (мысалы, кварц, пирит), ал полиминералды дегеніміз — бірнеше химиялық қосылыстан (минералдардың басым көпшілігі) тұратын минерал. Минералдар жиынтығының құрылуының бірнеше жолы бар:
Жер бетіндегі үдерістердің кезіндегі шөгінді тау жыныстарын құрайтын дәндердің қосылып өсуі немесе бөлінуі;
Атпалы тау жыныстарын құрайтын магманың кристалдануы; және
Сыртқы жағдайдың (мысалы, қысым мен температура) өзгеруі нәтижесінде метаморфозды тау жынысын құрайтын заттың қатты күйіндегі қайта кристалдануы.
Тау жыныстың осы үш түрі бір-бірінен дәндерінің арасындағы қарым-қатынасымен (текстурасымен) ерекшеленеді.
Шөгінді тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
Дәнаралық шөкпе немесе ұсақ дәнаралық лай ұстап тұрған жұмыр немесе қырлы дәндер;
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін саз минералдардың ұсақ жиынтықтары;
Дәндердің арасында түзу шеттері мен үштік жалғастарды көрсететін минералдардың кристалды жиынтығы (мысалы, кәлсит);
Кәлситтің кесекаралық шөкпесі немесе ұсақ кесекаралық лай ұстап тұрған қазбалы кесектердің жиынтығы;
Органикалық заттың жиынтығы (мысалы, лигнит немесе көмір).
Барлық атпалы тау жыныстар байланыспалы текстурасын көрсететін минералдардың жиынтығымен ерекшеленеді.
Метаморфозды тау жыныстары келесі сипаттармен ерекшеленеді:
Ұзын біліктерінің негізгі бағытын көрсететін кристалды минералдардың жиынтықтары
Теңмөлшерлі және еркін бағытты теңмөлшерлі емес минералдардың кристалды жиынтығы;
Жапсарлы, ангедралды, кейде сорайған минералдардың өте ұсақ дәнді жиынтығы.

-